Өңірлер

СҚО-да 2017 жылы 12,6 шақырым жылу желiсіне күрделі жөндеу жүргізіледі

2017 жылы 407 млн. теңгеге 12,6 шақырым күрделi және 4 шақырым жылу желiлерiне жылылықты өткiзбеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргiзiледi, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы23 Қаңтар , 16:51

Инвестициялық бағдарлама аясында454 млн. теңгеге 1,12 шақырым жылу желiлерiн ауыстыру жоспарланған. Халықаралық Қайта құру және Даму банкiнен алған қарыз бен ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң бюджеттiк қаржыландыру арқасында 6,3 шақырым жылу желiсiн қайта құру жоспарланған.

Алдағы уақытта жылу желiлерiн қайта жаңғырту жұмыстары 2020 жылына тозуды 71,8%-дан 62%-ға төмендетуге мүмкiндiк бередi», — дедi басқарма басшысы.

Желiлердi қайта құру мен ауыстыру жұмыстары жалғасатын болады. Қайта бекiтiлген инвестициялық бағдарлама бойынша «Қызылжар су» ЖШС-гi 42,5 шақырым су желiлерiн жаңартпақ, бұл желiлердiң тозуын 72%-дан 60%-ға дейiн төмендетедi.

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов Петропавл және аудандардың басшылығына инженерлiк коммуникациялар бақылауда ұстап, қалпына келтiру жұмыстарын уақтылы өткiзудi тапсырды.

 

 

 




Яндекс.Метрика