Бюджет саясаты

ШҚО жергілікті бюджеттердің ашықтығы индексі бойынша бірінші орынды иеленді

Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Қазақстанның ҮЕҰ жергілікті бюджеттердің ашықтығы өлшемі бойынша зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы ең жоғары нәтижені көрсетті, деп хабарлайды BNews.kz.
Шығыс Қазақстан12 Желтоксан , 15:54

«Біздің өңір аталған зерттеу жұмысы аясында ең жоғары индекс болып табылатын 100 балдың 72-сін жинады. Талдау нәтижесі көрсеткендей, 49 балл алған Солтүстік Қазақстан екінші орынды иеленді. Жамбыл мен Қызылорда облысы ең төменгі (25 және16) балды еншіледі. Алынған нәтижелер жергілікті атқарушы органдар бюджет туралы ақпараттың қолжетімділігін барынша жоғары дәрежеде қамтамасыз еткенін айғақтайды», - дейді ШҚО әкімдігінің қызметкерлері. 

«Бюджеттің ашықтығы жоспарлау процесінің ашықтығы мен бюджетті жоспарлау процесін әзірлеу және жылдық есеп бойынша ақпараттың ашықтығы сияқты өлшемдермен бағаланды», - деп толықтырды әкімдіктегілер.

 

 




Яндекс.Метрика