Халықаралық интеграция

Сириялық реттеу жөніндегі кездесуге қатысушылар келіссөздер үстеліне отырды (ФОТО)

Қазақстанның астанасында Сирия үкіметі мен оппозициясы өкілдерінің, сондай-ақ басқа мүдделі тараптарының кездесуі басталды. ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысушыларды құттықтады.
Астана қаласы 23 Қаңтар, 14:48

«Біз өз әріптестерімізге кез келген көмек көрсетуге дайынбыз. БҰҰ, сириялық үкімет пен қарулы оппозициялық топтарға бүгін осында келіп, кездесуге қатысқаны үшін алғыс білдіреміз», - деді министр.

Осы ретте ол қазақстандық тараптың кездесуге қатысушыларға тиісті қолдау көрсетуге толық дайын екенін айтты.  

«Біз сіздерге келіссөздер жүргізу үшін тұғырнама ұсынамыз. Егер сіздерде қандай да бір қажеттіліктер болса, менімен немесе Қазақстан үкіметінің өкілдерімен байланысуға болады», - деді Қ. Әбдірахманов.

Министр келіссөздердің маңыздылығын атап өтіп, олардың сәтті аяқталатынына сенім білдірді.

«Кейінгі бірнеше күн аса маңызды болмақ, үкімет бүгінгі іс-шараның оң аяқталуы үшін барынша жәрдемдесуге ниетті. Біз Сирия халқы оған лайықты іс жүзіндегі серпін жасау үшін осы мүмкіндікті пайдалануымыз қажет», - деп қорытты Қазақстанның сыртқы істер министрі.

Қайрат Жандыбаев

Сурет Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика