ҚР ИИДМБ

Ақтөбе облысында биыл 380 млрд теңге инвестиция тарту көзделген

Ақтөбе облысында 2017 жылы 380 млрд теңге инвестиция тарту көзделген, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе23 Қаңтар , 15:21

Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында құны 6 миллиард теңге болатын жобалар іске қосылды.

Оның ішінде үй құрылыс комбинаты, мұнай өңдеу зауыты, пигментті және магнезиальді ұнтақ шығару өндірісі бар.

Ақтөбе қаласында көлік-логистикалық орталығы мен құрылыс материалдарының гипермаркеті, ет консервілерін дайындау цехы, Алға ауданында құс сою цехы іске қосылды.

««Ақтөбе» индустриалды аймағының территориясында ескі доңғалақтарды қайта өңдейтін және қауіпсіз жабынды шығаратын зауыт салынды. Жыл соңына дейін тағы төрт жоба іске қосылып, 8 жобаның құрылыс-монаж жұмысы басталады», - делінген хабарламада.

2017 жылы 380 миллиард теңге инвестиция тарту және игеру жоспарланды. ҮИИДБ екінші бесжылдығы аясында 2019 жылға дейін құны 260 миллиард теңге болатын жаңа 20 жобаны іске асыру, 6 мың жұмыс орнын ашу жоспарға енді.

Оның ішінде биыл 6 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланды.

 




Яндекс.Метрика