EXPO-2017

Астанада ЭКСПО-2017-ге таман 2 мыңға жуық бақылау камералары орнатылады

2016 жылы Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 444 қылмыстық істі, 67 659 әкімшілік құқық бұзушылықты және жол ережелерін бұзудың 23 953 дерегін анықтады.
Астана қаласы23 Қаңтар , 12:29

Бүгінгі күні елордада 800-ге жуық бейнебақылау камерасы бар, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл тәртіп сақшыларының қылмыстардың алдын алу және оларды ашу бойынша жұмысын едәуір жеңілдетеді.

Алда өтетін ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне орай қала маңы аумағын қамти отырып, тағы да екі мыңнан аса бейнекамера орнату жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, 80 көше қиылысында, 50 желілік учаскеде фото және бейнетіркеу кешендерін орнату көзделген.




Яндекс.Метрика