Халықаралық интеграция

Р. Василенко: Қазақстан сириялық мәселені реттеу бойынша қайта келіссөз өткізуге алаңқай ұсынуға дайын

Қазақстан сириялық мәселені реттеу бойынша қайта келіссөз өткізуге алаңқай ұсынуға дайын. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко сириялық келіссөздер алдында өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.
Астана қаласы 23 Қаңтар, 11:56

«Сирия бойынша келiссөздер бүгiн Астанада басталады. Осыған орай Астанадағы кездесу белгiленген уақытта өтiп жатқаны үшiн диалог тараптары мен осы процеске кепiл болған елдерге алғыс айтамыз. Бұл келiссөздер тараптарының процеске үлкен маңыз беріп отырғанын көрсетiп, кездесу қорытындысы жақсы болатынына үмiт бередi», - дедi ол.

Вице-министр айтып өткендей, қазақстандық позицияның ұстанымы   дипломатиялық күштер сириялық дағдарысты шешудің бірегей жолы болып қалуы тиіс.

«Бұл ретте Қазақстан Сирия бойынша келiссөздер өткiзуге тек қана алаңқай ұсынатынын, өзi бұл процеске қатыспайтынын ерекше атап өту керек», - дедi ол.

Ол айтып өткендей, Астанадағы келіссөздердің гарант елдері жоғарғы дәрежеде таныстырылды.

«Астанадағы келіссөздердің маңыздылығын Біріккен Ұлттар Ұйымының Сирия мәселесі жөніндегі Арнайы уәкілі Стаффан де Мистураның қатысуы байқатады.  Ал Астанада өтетін сириялық дағдарысты реттеуге бағытталған халықаралық кездесудегі сириялық үкімет делегациясының басшысы   БҰҰ Сириялық Араб Республикасының тұрақты өкілі Башар Әл-Джафари болып отыр.  Сириялық оппозиция делегаты  15 оппозициялық топтан құралады. Ресейлік делегацияны  сириялық мәселені реттеу  жөніндегі  РФ президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев басқарады. Түркия мен Иран делегацияларын аталмыш елдердің сыртқы істер министрі басқарады», - деді Р.Василенко.

Вице-министр айтып өткендей, кездесуге барлық қолайлы жағдай  ұйымдастырылды.

«ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов барлық тараппен келіссөздер өткізді. Біздің тарап келіссөздерге қолайлы  жағдай ұсыну үшін жұмысты жалғастырып жатырмыз», - деді Р.Василенко.

Айта кетейік, Келіссөздерді өткізу орны ретінде  Қазақстанның астанасы – Астана қаласы тараптардың аймағы бойынша бейтарап болғандықтан таңдалды. Айта кетерлігі, келіссөздер әуежайдан 12 шақырым жерде орналасқан «Rixos President Astana» қонақ үйінде жабық режимде өтеді.Кезекті астаналық процесс бүгін, яғни қаңтардың 23-і сағат 9-да  Қонаев 4 көшесінде орналасқан «Қазмедиа орталығында»  басталды. 

Қайрат Жандыбаев

Сурет: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика