Инвестициялар

Алматыда 8 біріккен және 17 шведтік кәсіпорындар тіркелген

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Швецияның Сыртқы істер министрінің сауда және ЕО бойынша орынбасары Оскар Стенстрём бастаған шведтік делегацияны қабылдады.
Алматы қаласы23 Қаңтар , 10:57

Тараптар сауда–экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мегаполис әкім Алматының бизнес-ахуалын жақсарту бойынша бастама жасаушылар қаласы ретінде қалыптасқандығын, көлік жүйесі мен «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру жөнінде нақтылы істердің атқарылғандығын айтты.

«Швеция инновация отаны ретінде жақсы таныс, сондықтан суды тазарту, қалдықты қайта өңдеу, телекоммуникация істері жөніндегі тәжірибе бізге тиімді. Туризм саласында бірігіп жұмыс атқаруға мүмкіндіктер жетерлік»,   - деді Б.Байбек.

Өз кезегінде Оскар Стенстрём бұл сапар екіжақты экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға арналғандығын атап өтті.

«Бүгінгі күні Қазақстан швед бизнесі үшін әлеуетті нарықтардың бірі болып табылады. Біз сіздерден жоғары потенциал көрудеміз. Бұл сапар бірігіп жұмыс атқарудың нақтылы жолдарын анықтап береді. Алматы болашағы зор жастардың әрі техникалық мамандардың, математиктердің қаласы екен, біздің компаниялар осындай дарынды жастарды іздейді»,  - деді Швецияның Сыртқы істер министрінің сауда және ЕО бойынша орынбасары Оскар Стенстрём.

Ол өзінің сөзінде шведтік-қазақстандық іскер кеңестің және Швецияның «Business Sweden» Сауда әрі инвестициялық Кеңесі екі жақты байланыстарға оң ықпал ететінін айтты. Аталған ұйымның офисі Алматыда орналасқан және ол Орталық Азияны қамтитын өңірлік хабқа айналды.

Шетелдік делегацияға инвесторларға қызмет көрсететін Орталықтың, Алатау ауданындағы индустриалды аймақтың және «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА жұмыстары таныстырылды.

2016 жылдың 11 айы ішінде Алматы мен Швеция арасындағы тауар айналымы 53,8 млн. АҚШ долларын құраған, оңтүстік астанада 8 біріккен және 17 шведтік кәсіпорындар тіркелген.




Яндекс.Метрика