Халықаралық интеграция

ҚР Сыртқы істер министрі сириялық үкімет және оппозиция делегацияларының басшыларымен кездесті

2017 жылдың 22 қаңтары күні кешке Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов Астанада өтетін сириялық дағдарысты реттеуге бағытталған халықаралық кездесудегі сириялық үкімет делегациясының басшысы, БҰҰ Сириялық Араб Республикасының тұрақты өкілі Башар Әл-Джафаримен кездесті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 23 Қаңтар, 09:31

Қазақстанның сыртқы істер  ведомствосының  жетекшісі Қ. Әбдірахманов Қазақстан БҰҰ-н Сирия дағдарысына қатысты келіссөздерді ұйымдастыру үрдісінің басты қатысушы тарапы ретінде танитынын және Астанада өтетін кездесу Женевадағы бейбіт келіссөздердің кезекті отырысын өткізуге оң әсерін тигізетінін білдірді. «Қазақстан және оның Президенті  Н.Назарбаев  ішкі сириялық дауды шешу үшін саяси шешім табу мен оқты тоқтату  режимін нығайту бойынша  халықаралық әсер етуге мүдделі», - делінген хабарламада.

Осы күні сириялық оппозиция  делегациясының  жетекшілігімен кездесу өтті, шарада Астанада өтетін келіссөзге дайындық мәселесі талқыланды.

Екі делегация жетекшілері  басшылық пен Қазақстан халқына Сириядағы  даудың бейбіт шешілуіне үлес  қосып, кездесуге барынша жағдай жасағандары үшін алғыс білдірді. 





Яндекс.Метрика