Халықаралық интеграция

БҰҰ ҚК төрағасы: Астана процесін тағатсыздана күтудеміз

Астанада ұйымдастырылатын кездесуді тағатсыздана күтудеміз. Бұл жайында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы БҰҰ-дағы Швецияның тұрақты өкілі Олаф Скоог 20 қаңтар күнгі кеңес отырысының қорытындысында мәлім етті.
Астана қаласы 22 Қаңтар, 14:56

«Біз Сириядағы ахуалы және соңғы оқиғалар төңірегінде, оның ішінде №2336 қарардың орындалуы мен алдағы Астанадағы кездесу жайында пікір алмастық. Біз Ресей мен Түркияның зорлық-зомбылықты тыю, соғыс отын тоқтату режімін құру және БҰҰ қамқорлығымен саяси процеске серпін беру күш-жігеріне қолдау білдіреміз. Біз барлық тарапты Сириядағы соғыс отын тоқтату режімін сақтауға шақырдық», - деді ол.

Біз ДАИШ-тың Сириядағы тағылық террорлық актілерді жалғастыруын, соның ішінде Пальмирадағы ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізілген Рим театры сынды мәдени мұраларды талқандауын түбегейлі айыптадық. Астанада ұйымдастыратын кездесуді асыға күтудеміз.

«Оны сириялық саяси процесстің маңызды бөлігі және 8 ақпанда Женевада БҰҰ қамқорлығымен қайта жаңғыртылатын сирияішілік келіссөздердің маңызды қадамы ретінде қарастырамыз», - деді ол.





Яндекс.Метрика