Халықаралық интеграция

Астана процесі: Сирия мәселесіне қатысты келіссөздер жабық режимде өтеді – СІМ

Астанада өтетін Сирия мәселесіне қатысты келіссөздер жабық режимде өтеді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан23 Қаңтар , 08:56

«Келіссөздерді өткізу орны ретінде  Қазақстанның астанасы – Астана қаласы тараптардың аймағы бойынша бейтарап болғандықтан таңдалды. Айта кетерлігі, келіссөздер әуежайдан 12 шақырым жерде орналасқан «Rixos President Astana» қонақ үйінде жабық режимде өтеді», - деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің БАҚ-қа арналған анықтамалығында.

 Баспасөз қызметі нақтылағандай, Кезекті астаналық процесс дүйсенбі, яғни қаңтардың 23-і сағат 9-ға  Қонаев 4 көшесінде орналасқан «Қазмедиа орталығында»  өтеді  деп  белгіленіп отыр. 
«Келіссөзді өткізу кезеңінде қалалық және шетелдік журналистерге үнемі көліктік хабарлама ұйымдастырылады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Астанадағы келіссөздерге  дауласқан тарап өкілдері мен Ресей, Түркия, Иран делегациялары қатысады.




Яндекс.Метрика