Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан мен Канада арасындағы азаматтық қоғам саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Канада Парламенті қоғамдастығы Сыртқы істер және халықаралық даму жөніндегі комитетінің төрағасы - «Қазақстан-Канада» Парламентаралық ынтымақтастық тобының тең төрағасы Роберт Нолт бастаған канада парламенті делегациясын қабылдады.
Астана қаласы 21 Қаңтар, 13:46

Канада парламенті делегациясының Астанаға сапары Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың  25 жылдығы аясында өтті. Сондай-ақ, биыл Канада мемлекетінің негізі қалануының 150 жылдығын атап өткелі отыр.

Кездесу барысында тараптар азаматтық қоғам және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастық бойынша мәселелерді қарастырып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Нұрлан Ермекбаев канадалық делегацияны Министрліктің қызметімен таныстырып, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап  азаматтық қоғамды дамыту және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету қағидаларын жүйелі түрде берік ұстанып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Министр үкіметтік емес ұйымдарға гранттар бөлумен айналысатын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қызметі туралы хабардар етті.

Канада делегациясының басшысы конфессияаралық және этникааралық келісімді қамтамасыз етіп отырған еліміздің басшылығы саясатына жоғары бағасын берді.

 





Яндекс.Метрика