Ұлттың денсаулығы

Алматы әкімі 2017 жылғы Универсиада нысандарының дайындығын тексерді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада қарсаңында Атлеттер ауылының, «Алматы Арена» мен «Халық Аренаның», Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешенінің, «Медеу» мұз айдынының, «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының дайындықтарын тексерді.
Алматы қаласы 21 Қаңтар, 11:26

Атлеттер ауылында қала әкімі Алатау ауданындағы алғашқы  фитнес- орталықтың, «MARWIN» отбасылық дүкендер желісінің жұмысымен танысты, сонымен қатар жақында ашылған супермаркетке қойылған тауарларды көрді., деп хабарлады қала әкімдігінде.

Бауыржан Байбек  отандық өнімдер, сувенир бұйымдары, киім мен спорт тауарлары және басқалары қойылған жаңа дүкенде алғашқылардың бірі болып сауда жасады.

Алматы әкімінің кезекті жұмыс сапары аясында «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешенінде орналасқан Универсиаданың басты операциялық және ақпараттық орталығының дайындығы да көрсетілді. Бауыржан Байбек қалалықтардың қауіпсіздігін, жайлы өмірін қамтамасыз ету мен басқа да кешенді мәселелерді шешу  ісі одан  әрі жалғасын табатынын, ал бұл Алматыға деген  туристік қызығушылықты арттыратынын айтты.

Еске сала кетейік, Халықаралық қысқы студенттер ойындары Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан  аралығында спорттың 12 түрі бойынша 8 спорт нысандарында өтеді. Мысалы, «Алматы Аренада» Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаттары, мәнерлеп сырғанау мен керлингтен, «Халық Аренада» ерлер арасындағы шайбалы хоккейден, «Медеу» мұз айдынында конькимен жүгіруден, «Шымбұлақта» тау шаңғысы, сноуборд, фристайлдан, «Сұңқар» ХШТК-де шаңғымен трамплиннен секіруден, шаңғы қоссайысынан, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынының негізгі аренасында шайбалы хоккейден (әйелдер), кіші аренада  шорт-тректен, «Алатау» шаңғы биатлоны кешенінде  тау шаңғысынан, биатлоннан, шаңғы қоссайысынан, «Табағанда»  Биг Эйр және шаңғы акробатикасынан жарыстар өтеді.





Яндекс.Метрика