Адами капитал

Астаналықтар уақытша тіркеуді ПИК-те ресімдей алады

Бүгіннен бастап астана тұрғындары электрондық цифрлық қолтаңба алып, пәтер иелерінің кооперативтерінің үй-жайларында уақытша тіркеуді рәсімдей алады, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан21 Қаңтар , 10:41

ХҚКО қызметкерлері ПИК тұрғындарын сағат 9.00 мен 18.30 аралығында, 13.00 мен 14.00 -ге дейінгі түскі үзіліспен қызмет көрсететін болады.

Осы ретте айта кетер болсақ, жексенбі күні, яғни 22 қаңтарда сағат 8.00 мен 15.00 аралығында облыстық және Астана мен Алматы қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мемлекеттік қызметтер көрсету дирекциясының директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша. мемлекеттік корпорацияның ПИК үй-жайында қызмет көрсету жайлы ұсынысын тек астаналық үш «Гүлдер», «Бәйтерек» және «Нұрбекет» пәтер иелерінің кооперативтері қолдады. 

«Бұл тұрғын үй кешендерінде 22 көппәтерлі үйлер орналасқан – бұл шамамен үш мың пәтер. Біз азаматтардың оң пікірлеріне үміттенеміз. Сондай-ақ қазіргі кезде біз Қазақстанның басқа қалаларындағы ПИК-термен келіссөз жүргізіп жатырмыз», - деді ол.

Айта кетерлігі, бұл халыққа қызмет көрсету орталықтарынан тыс жерлерде қызмет көрсетудің алғашқы шарасы емес. Кешеден бері ХҚКО-лардың мобильдік топтары оқу орындарында, базарларда және сауда нүктелерінде жұмыс істеуде. Олар азаматтарға уақытша тіркеу қызметін электрондық үкімет порталы арқылы ресімдеуге көмектеседі.

Бір күн ішінде мобильдік топтар egov.kz.  порталы арқылы 800-ден астам ЭЦҚ беріп, уақытша тіркеу бойынша 50-ден астам қызмет  көрсетті.




Яндекс.Метрика