Ұлттың денсаулығы

Т. Дүйсенова: Қазақстанда педиатриялық учаскелер кезең-кезеңмен қалпына келтіріледі

Қазақстанда педиатриялық учаскелер кезең-кезеңмен қалпына келтіріледі, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова балаларға амбулаторлық-емханалық деңгейде медициналық көмекті ұйымдастыру мен мектептегі медициналық қызметті білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру мәселелері жөнінде өткен отырыс барысында.
Астана қаласы20 Қаңтар , 19:26

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ өкілдері, бейнеконференция байланысы арқылы аймақтық әкімдердің орынбасарлары, денсаулық сақтау мен білім беру басқармаларының басшылары, медициналық ЖОО ректорлары, педиатрия саласындағы жетекші мамандар қатысты.

ҚР ДСӘДМ басшысы Алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде (әрі қарай - МСАК) балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту бойынша ұсынымдар жасауға негізделген жұмыс тобы 3 айдың ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі ағымдағы жағдайды зерделеу, амбулаторлық-емханалық деңгейде медициналық көмек көрсетудің қолданыстағы үлгісін саралау және МСАК учаскелерінің құрылымы бойынша бірқатар жұмыс жүргізгенін хабарлады.

 «Қазіргі таңдағы кадр жетіспеушілігін назарға ала отырып, педиатриялық учаскелерді кезең кезеңімен қалпына келтіру жөнінде шешім қабылданды», - деп мәлімдеді Тамара Дүйсенова.

Отырыс қатысушыларына амбулаторлық-емханалық деңгейде балаларға медициналық қызмет көрсетудің жаңа үлгісі туралы Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы (әрі қарай - ДСДРО) Бас директорының міндетін атқарушы Риза Боранбаева хабарлады.

 «Педиатриялық учаскелерді қалпына келтіру екі кезеңде жүзеге асырылмақ. Бірінші кезеңде (2017-2018 жж.) – МСАК-қа жалпы практика дәрігерімен (әрі қарай – ЖПД) бірлесе отырып жұмыс істеу мақсатында педиатр-консультанттарды енгізу. Екінші кезеңде (2019-2024 жж.) – 0-5 жас аралығындағы балалар үшін педиатриялық учаскелер ашу, кадрларды дайындау ауқымын кеңейту мен интерн-педиатрларларды дайындаудың білім беру бағдарламаларын күшейту есебінен амбулаторлық-емханалық қызметтегі педиатрлар санын арттыру», - деді ол.

Риза Боранбаева  0-5 жас аралығындағы балалардың денсаулығы осал болып келетіндіктен (барша балалар санының 50%-ы), дәл осы жас аралығындағы балаларға қызмет көрсетуді енгізуге себеп болып отырғанын атап айтты.

ДСДРО басшысы 2017 жылдың қыркүйегінде ҚР Премьер-министрінің тапсырмасымен еліміздегі медициналық ЖОО-да педиатриялық факультеттер қалпына келтірілетінін мәлімдеді. Сонымен бірге, аталған мерзімнен бастап учаскелік педиатрлар жаңа білім беру бағдарламалары бойынша интернатурада дайындалып, әрі қарай МСАК деңгейінде жұмыс істеу құқына ие болады.

Талқылау барысында аймақтардағы әкім орынбасарлары мен денсаулық сақтау басқармаларының басшылары педиатриялық учаскелерді қалпына келтіру үлгісін қолдап, оны енгізуге дайын екендерін білдірді.

Өз кезегінде Тамара Дүйсенова жергілікті атқару ұйымдарына қажетті кәсіби дайындығы бар жалпы практика дәрігерлерін педиатр-консультанттарға ауыстыру жөнінде барлық мәселелерді шешуді ұсынды.

«ЖПД-дан ауысатын педиатрлар жалақысының төмендемеуі турасындағы мәселені шешу керек. Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда педиатрлар жалақысы жалпы практика дәрігерлерінен төмен. Сіздерге үстемақы беру мүмкіндігін қарастыру қажет», - деді ол.

Мектептегі медициналық қызметті білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру процесі жөнінде ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеуғалиева хабарлады.

«Мектептегі медициналық қызметті білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру қажеттілігі кейінгі кездегі жасөспірімдер денсаулығының нашарлауынан туындап отыр. Профилактикалық тексерулер барысында алғашқы рет анықталған аурулар құрылымының 1-орнында - ішек-қарын жолдары аурулары (24,5%), 2-орында – көз аурулары (16,2%), 3-орында тыныс алу мен қантүзу мүшелерінің (13,9% и 13,8%) аурулары орын алып отыр», - деп мәлімдеді ол.

«Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың қаңтарында мектептердегі медициналық қызметкерлер емханалардың штаттық санына, медициналық пункттер – құрылымдық бөлімшелер қатарына енгізілді. Қазіргі таңда медициналық кадрлардың дайындық деңгейі, оларды сертификаттау бағаланып, білім алу кестесі жасалуда. Білім беру ұйымдарында оқушыларға медициналық көмек көрсету, штат нормативтері мен медициналық пункттерді жабдықтау тәртіптері әзірленді. Медициналық пункттер мен емханалардың учаскелік бөлімшелерінің (педиатрлар, бейінді мамандар) өзара тығыз жұмысы ұйымдастырылуда. Медициналық пункттер техника және компьютерлермен қосымша жабдықталып, оқушылардың бірыңғай регистрі жасалуда.

«Әрі қарай жалпы білім беретін мектептерде денсаулық сақтайтын технологиялар, оның ішінде: мүсін мен көрудің бұзылуын алдын алу шаралары; қосымша дәрумендеу; физиотерапиялық процедуралар кешені; физиотерапиялық процедуралар; дене шынықтыру минуттары; мүсін мен көзге арналған, тыныс алу жолдарының гимнастикасын жасау;  оқушылардың дұрыс тамақтануы мен аурулардың алдын алу шаралары бойынша мұғалімдер және ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу шараларын енгізу жоспарланып отыр», - деді Ажар Төлеуғалиева.

Мектептегі медицинаны дамыту профилактикалық жұмысты күшейтуге; жасөспірімдерді психикалық және эмоционалдық бірқалыптылық машықтарына үйретуге; мінез-құлық қауіп-қатерінің факторларын азайтуға; балаларды мезгілдік және жоспарлық иммундаумен қамтамасыз етуге; оқушылардың созылмалы аурулары бар 15%-ының денсаулығын жақсартуға; оқушылардың 30%-ның көру деңгейін арттыруға; балалардың 60% тірек-қимыл аппаратының жағдайын жақсартуға; ЖРВИ ұзақтығы мен қайталану көрсеткішін 50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. 




Яндекс.Метрика