Білім беру

ШҚО-да 200-ден астам кәсіпорын студенттерді дуальды жүйе бойынша оқытуда

Шығыс Қазақстан облысындағы 41 колледждің білім алушылары ғылым негіздерімен қатар, таңдаған мамандықтарын өндірісте меңгеріп жатыр. Бұл еңбек нарығындағы 2 мыңнан астам болашақ маманның айқын басымдығы болып табылады.
Шығыс Қазақстан21 Қаңтар , 10:03

ШҚО-дағы 2308 студенттің техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары дуальды оқыту жүйесі арқылы оқытылуда. Оның элементтері өңірдің барлық 82 колледжінде қолданылады, алайда, ол толықтай 41 оқу орнында енгізілген, деп хабарлады Ақпарат орталығы.

«Дуальды оқыту жүйесі кәсіптік даярлық мәселелерін тиімді шешеді және түлектердің жұмысқа орналасу деңгейіне тікелей әсер етеді. Осы жүйенің негізгі қағидаттарын енгізген колледждердің үлесі 2016 жылы 50 % құрады», - деп атап өтті ШҚО білім басқармасының басшысы Айжан Садықова.

210 кәсіпорын оқу орындарының әріптестері болып табылады, олар оқыту барысында өздеріне болашақ кадрлар даярлайды, бекітілген тәлімгерлер оларға өздерінің тәжірибесі мен дағдыларын жеткізеді.

Жобаға қатысушы студенттердің 100%-ы өндірістік практикадан өту орындарымен қамтамасыз етілген. Ол аяқталғаннан кейін студенттер аралық және қорытынды аттестаттаудан өтіп, оларға жұмыс разрядтары беріледі.  




Яндекс.Метрика