2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Д.Назарбаева: Жастарды дағдарыс жағдайында өмір сүруге үйрету керек

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Жастар конгресі Кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен Жастар конгресінің алдағы қызметі туралы кеңес болды,деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 20 Қаңтар, 16:18

Д.Назарбаева жастар саясатын іске асырудағы жетістіктерді атап өте келіп, ауыл аймақтағы және әлеуметтік ахуалы төмен жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер ашудың қажеттігіне тоқталды. Сенатор сондай-ақ мемлекет жүзеге асыратын маңызды әлеуметтік бағдарламалар мен жобалар туралы жастардың хабардар болу деңгейін арттыру жайында тапсырма берді.

 «Жастардың өзін-өзі таныту үшін жағдай жасау қажет, «әлеуметтік лифтілер» жасап, жастарды дағдарыс жағдайында өмір сүруге үйрету керек», - деді Д.Назарбаева. Кеңес барысында ұйымның 2016 жылғы жұмысы және әскери-патриоттық қозғалысты, мектеп спортын, жастар туризмін дамытудағы тұжырымдамалық ұсыныстар, сондай-ақ Қазақстан Жастар конгресінің мерейтойлық жылын мерекелеу бағдарламасы талқыланды.

Д.Назарбаеваның пікірінше, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы жастар қызметін ақпараттық тұрғыда жария етуді күшейту қажет.

«Жастарды мемлекет іске асыратын шаралар туралы хабардар ету деңгейін арттырумен қатар, әріптестер әрекетінің танымалдығын арттыру үшін ақпараттық арналарды пайдалану қажет», - деп атап өтті сенатор.

Кеңеске Парламент депутаттары, жастар саясаты саласына жетекшілік ететін мекемелердің басшылары, Дүниежүзілік банкі жобасының өкілдері, үкіметтік емес секторды дамыту институттарының басшылары, әскери-патриоттық тәрбие мен мектеп спортын дамыту саласындағы Қазақстан Жастар конгресінің әріптестері, жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Дүниежүзілік банкінің «Жастар корпусын дамыту» жобасына ерекше назар аударылды. Осыған байланысты шараға 2017 жылғы қадамдар мен тетіктерді іске асырудың алғашқы жобалары іске асырылатын Алматы, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
 





Яндекс.Метрика