Басқару

Қ.Қасымов: ІІМ жүйесінің қызметі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы деңгейін көтеру (ФОТО)

ІІМ жүйесінің қызметі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы деңгейін көтеру, деді ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымов ІІМ алқасының кеңейтілген отырысы барысында.
Нұр-Сұлтан 20 Қаңтар, 17:26

ІІМ алқа отырысына Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Президент-хатшысының көмекшісі В.З. Жұмаханов, министрліктің басшылық құрамы, аумақтық ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар департаменттерінің, сондай-ақ Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылығы мен аумақтағы жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысты.

Жиында ішкі істер министрінің орынбасарлары баяндама жасап, қылмыстық-атқару жүйесі және төтетше жағдайлар комитетінің, сонымен бірге ішкі істер органдарының бірқатар аумақтық бөлімшелерінің басшылары есеп берді.

Алқа отырысы барысында Мемлекет Басшысы Н. Назарбаевтың қылмыстық әрекеттерден азаматтардың құқығын қорғау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты алға қойған міндеттерін іске асыру, ішкі істер органдары жедел-қызметтік жұмысында орын алып отырған олқылықтарды жою, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, ішкі істер органдары жеке құрамының қызмет әдебі нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.

Жол қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге байланысты жергілікті полиция қызметінің жұмысы талқыланып, сондай-ақ жедел іздестіру қызметі, қылмыстарды ашу және заңсыз есірткі айналымының жол кесу, тергеу мен анықтау қызметінің сапасын көтеру мәселелері де жан-жақты қаралды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мен төтенше жағдайлар бөлімшелері қызметінің қорытындысы қаралып, пробация қызметін одан әрі дамыту шаралары, сондай-ақ құтқару қызметінің алдына қойылған міндеттер сөз болды.

Ішкі істер министрі Қ. Қасымов биыл ІІМ жүйесінің қызметі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы деңгейін көтеру, соның ішінде Алматы қаласында бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарын және Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтіп, барлық қаралған мәселелерге қатысты нақты тапсырмалар берді.





Яндекс.Метрика