Халықаралық интеграция

Б.Сағынтаев: Қазақстан ИИДМБ-ға Нидерланды компанияларының қатысуына қызығушылық танытып отыр

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Дирк Ян Коппен кездесу өткізді.
Нұр-Сұлтан20 Қаңтар , 14:51

Кездесу барысында Қазақстан мен Нидерланды арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалық бағыттары талқыланды, деп хабарлады primeminister.kz.

«Біз Қазақстанның индустриалды-инновациялық және инфрақұрылымдық даму бағдарламаларына Сіздің елдің жетекші компанияларының қатысуына ниет білдіреміз. Голландтық өнеркәсіп технологиялары, алдыңғы қатарлы ноу-хау мен инновациялар ерекше қызығушылық танытады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Анықтама:Нидерланды Корольдігі бүгінде Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар құю көлемі бойынша ірі инвестор және сыртқы сауда айналымындағы көлем бойынша Қазақстанның ЕО-дағы екінші серіктесі (Италиядан кейін).

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, Нидерландыдан Қазақстанға келетін тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 2005 жылдан 2016 жылдың ІІ тоқсанына дейін 61,1 млрд АҚШ долларын құраған.

2016 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан мен Нидерланды арасындағы сауда көлемі 3,079 млрд долларды құраған. 2015 жылы сауда айналымы 5,2 млрд долларды құраған (экспорт – 4,9 млрд, импорт – 0,3 млрд).

Қазақстанда 956 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, олардың басым бөлігі мұнай және газ, геологиялық барлау, ауылшаруашылығы техникасын және жабдықтарын жеткізу, фармацевтика және медицина салаларында, халық тұтынатын тауарлар өндірісінде белсенді қызмет етеді.

2014 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Нидерландының өнеркәсіп иелері мен жұмыс берушілер конфедерациясы арасында Іскерлік кеңес әрекет етеді.

 




Яндекс.Метрика