Басқару

Б.Халық: Азаматтық қорғау туралы заңның олқылықтарын жою – проблемалық мәселелерді шешу

Эксклюзив
Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында авариялық-құтқару қызметтері және ҚР Заңнамаларындағы кәсіпкерлікке кедергі тудыратын қайшылықтар сияқты мәселелер туралы көп айтылып жүр. Бұл туралы ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Болат Халық Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында мәлімледі.
Нұр-Сұлтан 20 Қаңтар, 14:32

«Азаматтық қорғау туралы» Заңмен қандай негізгі мақсаттар мен міндеттер реттеледі, оның ерекшелігі неде?

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңында нормативтік құқықтық актілерінде Республиканың авариялық-құтқару қызметтерінің қызметі жан-жақты қарастырылып көзделген, және осы ретте негізгі мақсаттары мен міндеттері реттеледі.

Заң 2014 жылғы сәуірде қабылданды және тиісінше уәкілетті органдардың барлық құрылымдары Заң негізіне сәйкестендірілді. Соның ішінде, 2014 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, ал осы жылға дейінгі уақытта Республиканың авариялық-құтқару қызметтерінің қызметіне уәкілетті орган болып келген Төтенше жағдайлар комитеті ҚР Ішкі істер министрлігінің құрылымына берілді.

Заңның ерекшелігі - Заңнамамен реттелген негізгі мақсаттары мен міндеттері негізіндееліміздегі экономикалық, экологиялық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсету барысындағы жоғары талаптардың көзделгендігінде. Алайда, біздер кез-келген уақытта осындайқауіпті өндірістік объектілерде авариялық апаттар туындаған жағдайда аса ірі зиянды және адам өліміне әкеп соғатын шығындардыболжап білуге болмайтын аса ірі қауіпті зардаптар орын алуы мүмкін екендігін естен шығармауымыз қажет.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерін құрудағы маңызы зор критерийлердің біріөнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы авариялық-құтқару қызметтерінің жауапкершілігі мен қызметінің маңыздылығын арттыруболып табылады.

Осы ретте, жоғарыда аталған талаптар сіз бен біздің ортақ мүддеміз үшін, қауіпті өндірістік объектілердің зиянды әсерінен халық пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында белгіленгендігін тағы да ерекше баса айтқым келеді.

Қандай ұйымдар Заң талаптарына сүйене отырып қауіпті өндірістік объектілердегі  авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізе алады?

Бүгінгі таңда Қазақстанда «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңымен белгіленген біліктілік талаптарына тек бір ғана кәсіпорын – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 536 қаулысымен қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешу үшін құрылған (бірнеше авариялық-құтқару қызметтерінің базасында) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы  республикалық мемлекеттік кәсіпорны талаптарға  жауап береді.

Өзіне жүктелген міндеттерді Кәсіпорын нәтижелі шешуде, себебі жарты ғасырлық жұмыс тәжірибесі, ірі өндірістік-техникалық базасы және жоғары білікті, тәжірибелі мамандары бар.Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізетін мамандар үнемі өздерінің білімдерін шетел және еліміздегі оқу орындары мен оқу орталықтарында білімдерін жетілдіріп отырады.Сондай-ақ, кәсіби саласында озық тәжірбиесін арттыру мақсатында көршілес елдермен біліктіліктерін арттыруда тығыз байланыста, тұрақты түрде арнайы оқу-жаттығулары ұйымдастырылып отырады.

Кәсіпорын жүйесіреттеліп жолға қойылған, құрамындаықтимал табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік жүйесіне енгізілген авариялық-құтқару топтарынан құралғанеліміздің 12 облысында орналасқан 13 филиалыбар. Аварияларды оқшаулау мен жоюға жұмылдыру туралы хабарлама түскен кезде Кәсіпорын шахталарда, кен үйіндісі және өзге де объектілердегі қысылтаяң жағдайларда жұмыс істеуге 2000 астам жоғары кәсіби қабілетті құтқарушыны жібере алады.  Аварияларды жоюға уақытылы шығуда 625 бірлік жедел, өрт және арнайы техникалармен қамтамасыз етеді, олардың 70%жүріп өту мүмкіндігі жоғары.

Көп жылғы қызметі ішінде Кәсіпорында инженерлік-техникалық қызметтер мен оқу орталықтары, соның ішінде: филиалдар базасы жанындағыстандарттық емес авариялық жабдықтарын жасау цехы, ауамен тыныс алу аппараттарын тестілеу зертханалары, ауа қысымын түсіру қызметтері, арқанды санау сатнциялары, өндірістік-жөндеу шеберханалары, өрт сөндіргіштерді зарядтау және қызмет көрсету, шаң-газ талдау қызметтері  және құтқарушылар мен өндірістік персоналды даярлау және қайта даярлау бойынша оқу орталықтары құрылды.

Бұл аталған көрсетілімдер Кәсіпорын қорындағыжабдықтар мен арнайы техниканың толық тізбесі емес. Тұрғындарға және кез-келген төтенше жағдайлар салдарын жою барысында көмек көрсететін, сондай-аққызмет көрсететін Кәсіпорындардың қатты аурып қалған және зардап шеккен жұмыскерлерінекөмек көрсететін реанимациялық шокқа қарсы топтар жұмысын баса ерекше атап өткен жөн.

Кәсіпорын аварияларды жою жөнінде қандай нақты шаралар қабылдайды және оларды төмендету үшін қандай профилактикалық жұмыстар жүргізеді?

2012 -2016 жылдар арасында жалпы жойылған авариялардың саны 1608, соның ішінде 255 авария жерасты объектілерінде болды, ол жалпы авариялар санының 15,85% құрайды.

Аталған кезеңдерде аварияларды жою кезінде 1538 адамның өмірі құтқарылды,авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде 9520 адам эвакуацияланды.

Бөлімшелердің орналасқан жерлерінде  тұрғындарға ТЖ – өрт, қар құрсауы және су тасқыны салдары бойынша  көмек көртеуге қызмет көрсетуге жасалынған шартсыз үш жүзден астам шақыртуға шықты.

Кәсіпорын құтқарушылары ірі көлемдегі аварияларды жоюға қатысты, соның ішінде мысалыға,  Қарағанды облысының көмір шахталарындағы болған апаттан құтқару жұмыстарын атап өту орынды деп санаймын.

Біздің қызметтердің жүргізетін профилактикалық іс-шаралары авариялардың туындау қауіпін едәуір төмендетеді. Мысалы,  адами факторлармен байланысты ашық мұнай және газ атқыламаларының пайда болу қаупі бар мұнай өндіруші объектілердің ұңғымаларында бұрқаққа қарсы қызметтерге жүйелі түрде тексеру жүргізіледі.

Соңғы кезде БАҚ  жарияланымдарынан заңнамадағы қайшылықтар авариялық-құтқару қызметтерінің қызметін монополияландыруға әкеп соқты, атап айтқанда Үкіметтің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 536 қаулысымен Кәсіпорынға нарықта авариялық-құтқару қызметтеріне бәсекелестікті болдырмайтын, «артықшылық» жағдайы берілді деген пікір қалыптасқандығын көруге болады.

«Артықшылық» деген сияқты тұжырымдаманы қолдану мүлдем дәлелсіз деп санаймын.

Себебі, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 1-бабы 3) тармақшасына сәйкесҮкімет қаулысы заңнамалық нормативтiк құқықтық актiлердің негiзiнде және (немесе) оларды орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актi болып табылады.

«Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңындағы қарама-қайшылықтарға келетін болсақ, ол уәкілетті органдардың – ҚР ИДМ ИДжӨҚК мен ҚР ІІМ ТЖК арасындағы өкілеттіліктерді нақты бөлу мен аражігін ажыратуға қатысты болып отыр, ол өз кезегінде ҚР ІІМ «Азаматтық қорғау туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдардың ережелеріне қайшы бір қатар нормативтік құқықтық актілерді қабылдауына әкеп соқты.

Осыған қатысты тиісті Министрліктердің уәкілетті органдары нақты жұмыс жүргізуде. Аталған заңнамадағы барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін барлық проблемалық мәселелер шешіледі деп сенемін.

Бүгінгі күні Қазақстанда қандай альтернативті авариялық-құтқару қызметтері жұмыс істейді?

Авариялық-құтқару қызметтерін көрсету нарығы бәсекелестік ортаға шықты және ол заңдылық, осы көрсетілетін қызметпен айналысатын жеке құрылымдар  саныжылдан жылға артып келеді.  Олардың қызметіне уәкілетті және құзырлы мемлекеттік органдар мен олар қызмет көрсетуге шарт жасайтын субъектілер ғана  баға бере алады.

Сонымен бірге, біздің қауіпті өндірістік объектілерге авариялық-құтқару қызметін көрсетуге конкурстардың жеңімпазы болған жеке авариялық-құтқару қызметтерінің біліктілік талаптарына жүргізген мониторингімізді ескере отырып, келесіге назар аударғымыз келеді.

Нәтижесінде аталған көрсетілетін қызметті сатып алу бойынша шарттар уәкілетті орган - Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінен біліктілік талаптарына сәйкес тексеруден өтпеген, арнайы техникасы мен құтқарушыларының қажетті саны жоқ жеке авариялық-құтқару қызметтерімен жасалады.

Мен бұл туралы Атырау, Ақтөбе, Мангыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тапсырыс берушілер (қауіпті өндірістік объектілер) жариялаған конкурстарға бір мезгілде қатысқан авариялық-құтқару қызметтері көрсетілетін қызметтерінің бірнеше әлеуетті жеткізушілерінің техникалық ерекшеліктерін зерделегеннен кейін айтып отырмын. Бұл ретте олар бірнеше автомашинасы мен 7-11 құтқарушылары бола тұра конкурстардың жеңімпазы атанды.

Осы ретте, олар қалай «аз ғана» күштерімен бір-бірінен алыс аймақтарда орналасқан қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсете алады деген заңды сұрақ туындайды.

Біз авариялық жағдайлар туындаған жағдайда осындай базалық қоры аз қамтылған жеке авариялық-құтқару қызметтері қауіпті өндірістік объектілері бар тапсырыс берушілердің сұраныстарына ұтымды көмек көрсете алмайды ма деп алаңдаудамыз, себебі ол өз кезегінде қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде өте ауыр және болжап болмайтын зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.

Қазақстан халқы мен аумағын төтенше жағдайлар салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден қорғауҚазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделерiнің бірі болып табыладыдеп «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (5-бабының 18) тармақшасы) нормаларында тектен –тек қарастырылмаған.

 «КӘАҚҚ» РМК құтқарушыларының жай құтқарушылардан қандай айырмашылығы бар?

Құтқарушы –ықылассыз жұмыс істеу мүмкін емес мамандық. Қиын жағдайға тап болған адамды құтқару жөніндегі маман болу кез келгеннің қолынан келе бермейді, кез келген адам атқыламға немесе шахтадағы өртттің құшағына ойланбастан кіре алмайды. Бұл үшін жалғыз ықылас аз. Ержүректілік, батырлық, жанқиярлық – құтқарушыларға тән қасиеттер. Бұл мамандыққа кездейсоқ адам келмейді, өйткені, құтқарушы мамандығы жақсы физикалық дайындықты, жүйке бекемділігін, төзімділікті, тасып-тулаған апат алдында қорқынышты жеңе білу қабілеттілігін және әрине, мінсіз абырой-беделді талап етеді.

Құтқарушы мамандығының тартымдылығына қарамастан, оның да жақсы және қиын жақтары бар. Бұл мамандықты игілікті және мәртебелі деп санайды, ең  батылдарын ордендермен марапаттайды және оларға медальдар береді. Алайда, сонымен бірге бұл мамандық өте қауіпті және қатерлі болып табылады. Кей кездерде құтқарушылар басқа адамдардың өмірін құтқара отырып өздерінің өмірлерінқиып, жалпы қарапайым сөзбен айтқанда басын бәйгеге тігіп жатады.Сондықтан да, қандай марапат түрі болса да ер еңбегі еленбей қалмайды.

«КӘАҚҚ» РМК құтқарушыларына келетін болсақ, олардың негізгі ерекшеліктері өнеркәсіптің қауіпті өндірістік объектілерінде пайда болған қысылтаяң және техникалық қиын жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізеді, шахталар мен кен үйінділері астына түседі, жұмыстың ең қауіпті және күрделі түрі болып табылатын мұнай атқыламаларын жою бойынша жұмыс істейді. Бұл кезде құтқарушы мамандығы бірнеше мамандықтардан тұрады: жүргізуші, өрт сөндіруші, жоғарыға өрмелегіш, өте жоғары қысыммен (кейде 500-800 градусқа дейінгі мөлшерде көтерілуі мұмкін қысым) жер астынан шыққан ұңғымадағы өртті сөндіретін респираторшы, дәрігер және зардап шеккендерге психологиялық тұрғыда көмек көрсететін психолог т.б.

Әрине, ол жоғары техникалық білімді, тәжірибені, жоғары жауапкершілікті және мінсіз тәртіпті талап етеді. Құтқарушы мамандығының ерекшелігі де осында – өте қауіпті жағдайда, қауіпті сезіне отырып қатерден қорғау жөнінде дәлме-дәл шара қабылдау. 

Сұхбатыңыз үшін рақмет!

Қайрат Жандыбаев 





Яндекс.Метрика