Парламент

Мәжіліс бюросында палатаның жалпы отырысының күн тәртібі талқыланды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Астана қаласы 20 Қаңтар, 13:47

Мәжіліс депутаттары Түркиямен арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы үкіметаралық  меморандумды ратификациялау туралы заң жобасын қарайды деп күтілуде.

Меморандумда оқу-жаттығуды өткізу уақытында жіберуші тарап үшін қабылдаушы тарап ұсынатын қолдау көрсету стандарттары, типтері, деңгейлері мен әдістері айқындалады.

Сонымен бірге, осы күні Палата Польша Үкіметімен адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарамақ.

Бұл келісім былтыр Варшава қаласында жасалған. Ол уағдаласушы тараптар мемлекетінің аумағына заңсыз келген, онда болған немесе тұрып жатқан уағдаласушы тараптардың азаматтары, үшінші мемлекеттердің азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар реадмиссиясының құқықтық және ұйымдастыру мәселелерін реттеуді көздейді. 





Яндекс.Метрика