Адами капитал

Қазақстанның Құрлық әскерлерінде әскери қызметшілердің іс жүзіндегі жауынгерлік даярлығының қарқындылығы ұлғайды (ФОТО)

Мамандық бойынша дайындықтан өткен әскери қызметшілердің санының 31%-ға, практикалық оқ атуларды өткізу қарқындылығы 20 %-ға, ұрыс машиналарын жүргізу 38%-ға ұлғайды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 20 Қаңтар, 20:24

Дәл осындай көрсеткіштермен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері 2016 оқу жылын аяқтады. ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының ақпараты бойынша қазақстандық армия әскерлерінің ең көп түрінде мамандықтар бойынша жауынгерлік дарялық жоспарына сәйкес 40 000-нан аса әскери қызметші дайындалды.

Одан басқа, құрамалар мен бөлімдерде 15 000-нан аса сабақ, оның жартысы түнде, 3 000-нан аса бөлімшелердің (есептоптардың) жауынгерлік оқ атулары, оның 1 000-нан астамы түнгі уақытта, взводтардың 1 500-ден аса оқ атулары, оның 900-ден астамы түнде өткізілді. Бұл ретте практикалық сабақтар өткізілген жағдай заманауи жалпыәскери ұрысқа барынша жақындатылған болды.

Бір жыл бойы жеке құрам 800-ден аса роталық және батальондық тактикалық оқу-жаттығуларға, сондай-ақ, 26 ірі оқу-жаттығуға қатысты. Оның 11-і шетел мемлекеттері Қарулы Күштері контингенттерінің қатысуымен халықаралық, 9 екіжақты, 3 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу, сонымен қатар, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымындағы мүшелілік шеңберіндегі 3 бірлескен оқу-жаттығуға атсалысты.

Былтырғы жылы Құрлық әскерлері қысқы жағдайда әскерлердің далалық машығын жетілдіруді жалғастырғанын айта кеткен абзал. Бұның дәлелі ретінде әскерлердің түраралық топтамаларымен «Айбалта-2016» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың өткізілуін айтуға болады. Оқу-жаттығу барысында 5 000-нан аса әскери қызметшіні, 1 500 бірлік қару-жарақ пен әскери техниканы, 30 жылжымалы командалық пунктін тарта отырып, дағдарыстық ахуалдарды оқшаулау кезінде әскерлердің іс-қимылдары пысықталды.

Оқу-жаттығудың ерекшелігі ұзақ қашықтықтарға қайта топтасудан, жедел және тактикалық деңгейлерде өзге әскерлер мен әскери құралымдардың басқару органдарымен, аумақтық әскерлермен өзара әрекет етуден кейін ақпараттық қарсы күрес жағдайларында жеке құрамның іс-қимылдарын пысықтау негіз болды. Өткен жылы Құрлық әскерлерінде кәсіби шеберлікті жетілдіру сондай-ақ, Армия халықаралық ойындары шеңберінде де өз жалғасын тапты. Алғаш рет 400-ге жуық әскери қызметші 17 байқауға қатысты. Ойын қорытындысы бойынша Құрлық әскерлерінің құрама командалары 16 конкурста жүлделі орындарды еншіледі.

Бұл ретте «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі» сайыстарында абсолюттік жеңімпаз атанды. Әртүрлі ауқымдағы және пішімдегі сан түрлі оқу-жаттығуларға қатысу әскерлердің жедел даярлығы мен жауынгерлік әзірлігінің арта түсуінің, сондай-ақ, Құрлық әскерлері әскери қызметшілерінің кәсіпқойлығының өсуінің көрсеткіші болып табылады. Сонымен бірге, жауынгерлік қуатты өрістету, әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін сапалы артуының маңызды факторларының бірі техникалық жабдықталуы болып табылатынын айта кеткне жөн.

 2016 жылы Құрлық әскерлеріне 3 000-нан аса заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың тың үлгілері келіп түсті. Олардың арасында пайдалануға берілген «Гермес», «Скайларк» және «Атлас» ұшқышсыз ұшу аппараттары бар. Өзінің сапасы мен тиімділігін көрсетіп үлгерген отандық техника үлгілерінің алар орны айрықша. Ол - жоғары өтімді «Арлан» броньдалған дөңгелекті машиналары, атыс қаруына арналған оптикалық көздеуіштер мен «КАЕ» түнгі көру аспаптары, жауынгердің жеке қорғану құралдары, яғни, қазақстандық «Тыныс» АҚ өндірісінің дулығалары мен броньды кеудешелері.

 2016 оқу жылы ішінде Құрлық әскерлерінде негізгі күш-жігер жауынгерлік әзірлік, жауынгерлік даярлық іс-шараларын орындауға және жауынгерлік кезекшілікке шоғырланды. Күндіз және қараңғы уақытта, қарапайым және күрделі климаттық жағдайларда жеке құрам елді мекендерде жауынгерлік іс-қимылдардың жүргізілуін, шартты қарсыластың қуатты ықпал етуі барысында іс-қимыл тактиксаының жаңа үлгілерінің қолданылуын меңгерді. 2017 жылы қарқынды түсірмей, Құрлық әскерлері әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін өрістетуді жалғастырады.
 





Яндекс.Метрика