Ұлттың денсаулығы

Универсиада-2017-ге әлем елдерінен 3 мың ерікті жұмыс істеуге тартылады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың еріктілерімен кездесті. Студенттік ойындар кезінде үш мың жас Атлеттер ауылында, спорт нысандарында, түрлі функционалды учаскелерде орналастыру, аккредитациялау, көлік, логистика және басқада қызмет түрлерін атқаруға көмектеседі.
Алматы қаласы 20 Қаңтар, 10:56

Қала әкімдігі хабарлағандай, еріктілермен жұмыс істеу жөніндегі департамент басшысы Абылай Қондыбаев өзінің сөзінде жастарды іріктеу кезінде 15 мыңнан астам өтініш түскенін, олардың ішінен Алматының 15 жоғары оқу орындарынан 2800 еріктінің таңдалғандығын, еліміздің өзге өңірлерінен 100 жастың, жақын және алыс шетелден 100 еркітінің қабылданғанын айтты.

Ресейдің, АҚШ-тың, Германияның, Польшаның, Корея мен Қытайдың, Ұлыбританияның және басқа да елдердің еріктілері үлкен қызығушылық білдірген. Еріктілерді іріктеу барысында ірі спорттық шаралар өткізуде ерікті ретінде мол тәжірибе жинақтаған әрі ағылшын мен өзге тілдерді еркін меңгерген жастарға басымдылық берілді.

Универсиада барысында еріктілер 32 функционалды бағыт бойынша жұмыс істейді. Арнайы топ қонақтарды күтіп алады, оларды Атлеттер ауылына орналастырады, қаланы аралатады, сонымен қатар төрешілер мен техникалық қызметкерлер үшін арнайы аумақтар дайындайды. Еркітілердің барлығы өзінің жұмыс бағыттарына қатысты коммуникацияны дамыту, тіл үйренуді жақсарту сияқты арнайы тренингтерден өтті.

Назарларыңызға, Алматыда Универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында спорттың 12 түрі бойынша өтіп, 86 медальдар топтамасы додаға түседі.

 

 

 





Яндекс.Метрика