Басқару

Қ.Қасымов: Ұлттық Ұлан 2016 жылға қойылған барлық міндетті толық орындады (ФОТО)

Астанада Ұлттық ұланның барша басшылық құрамының қатысуымен әскердің 2016 жылғы қызметтік-жауынгерлік әрекетін қорытындылаған Әскери кеңес өтті. Ұлттық Ұлан 2016 жылға қойылған барлық міндетті толық орындады, деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Нұр-Сұлтан 20 Қаңтар, 10:34

Әскери кеңес жұмысына ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов төрағалық жасап, алқалы жиынға Парламент Сенатының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік қатынасы бойынша Комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева,Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов, ІІМ Орталық апппаратының комитеттері мен департамент басшылары, басқа да ықпалдастық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Әскери кеңес отырысын ашқан Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигіҚалмұханбет Қасымов Ұлттық ұланның өткен жылғы қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеті нәтижелеріне қысқаша тоқталып, ұландықтардың өздерінің алдына мемлекет тарапынан қойылған міндеттерді лайықты атқарып шыққандығын атап өтті.

Мұнан әрі әскер Бас қолбасшысы кеңеске қатысушы лауазымды тұлғалардың талқысына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланын жетілдірудің 2017-2019 жылдарға арналған кезекті Бағдарламасын ұсынып, осы құжат аясында атқарылуға тиісті және күтілетін нәтижелерге тоқталып өтті. Маңызды дамыту бағдарламаның аясында әскердің барлық тараптар бойынша деңгейі мемлекеттік дамудың әлеуметтік-экономикалық және әскери-техникалық жетістіктеріне сәйкестендіруге, еліміздің қоғамдық қауіпсіздігі мен қорғанысы саласындағы ағымдағы және келешек міндеттемелерді тиімді шешуге  қол жеткізілетініне айрықша тоқталды.

Сонымен қатар Бағдарлама аясында әскердің тактикалық іс-әрекетінің, кәсіби-лауазымдық дайындығының, басқару органдары жұмысының сапасын арттыруға, ең аяғы Ұлттық ұланның алға қойылған маңызды міндеттерін шешуде мүмкіндіктерінің жоғарылайтындығын атап өтті.

 





Яндекс.Метрика