Халықаралық интеграция

Үлкен саясаттағы қазақстандық бітімгершіліктің бейнесі

23 қаңтарда Астанада сириялық дауды реттеу бойынша келіссөздер өтеді. Елордада Ресей,Түркия өкілдері мен сириялық оппозиция тарапы бас қосады. Маңызды қонақтарды күтіп алғалы отырған Қазақстанның төтенше әрі салмақты рөлі – бітімгер боу.
Астана қаласы20 Қаңтар , 09:58

Біздің еліміз  достастырушы ретінде алғашқы рет  болып отырған жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан өзін бітімгер, бейбітшіл ел ретінде таныстырды. Ол Ресейден АҚШ-қа дейінгі елдермен достық қарым-қатынас орнатуға талпынды. Қазақстан Президентінің көпвекторлы және жаһандық интеграциялық бастамалары соның айғағына айналды. Қазақстанның жауапты қадамдарының бірі әлем бойынша ауқымы жағынан   төртінші ядролық қарудан бас тартуы болды.

Қазақстанның бітімгер ретіндегі сәтті  жұмысы  -  Ресей мен Түркия арасында өткен жылы туған дауды  реттеуге көмек көрсету. Бұл оқиғада маңызды рөлді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атқарды, ол алдымен Түркия Президенті Режеп  Тайип  Ердоғанмен, кейін РФ басшысы Владимир Путинмен келіссөздер өткізді. Дауды бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік туды, екі тарап бұл оқиғада қазақстандық Президенттің үлесін атап өтті.

Осы сынды мысалдар аз емес. Қазақстан 90-шы жылдары РФ-мен бірігіп Таулы Қарабақ  аясындағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуді ойластырды.  Ал, Ресей мен Украина арасында Киев майданынан кейін  шиеленіскен дағдарыс кезінде Нұрсұлтан Назарбаев  Минск келісімін әзірлеуге қатысып, тараптарды келісімді орындауға шақырды.

Бәріміз біріміз үшін

Алдағы уақытта   Астанада  өтетін келіссөздер – бұл жолдың басы ғана. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің  тұрақты емес мүшесі ретінде  Ауғанстан бойынша ҚК комитетінің төрағасының   рөлі берілді, сондай-ақ,  Ауғанстан  және ИГИЛ жөніндегі комитеттер арасындағы өзара байланыс есебімен  - ИГИЛ/ДАЙЫШ/Әль-Каида жөніндегі комитеттің төрағалығына ұсынылды. Оған қоса, біздің ел жақындағы екі жылда  Эритрее/Сомали жөніндегі санкциялы   комитетті басқаратын болады.

Айта кетерлігі,  Ауғанстандағы  жағдайды реттеу бойынша Қазақстан осыған дейін 2010 жылы ЕҚЫҰ  төрағалық еткен кезде  айналысқан болатын. Ол кезде гуманитарлық көмек көрсетуге көңіл бөлінді.

Бүгінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі комитетінің төрағасы ретінде Қазақстан  өңірге маңызды өзге проблемаларды көтеруде: өңірлік қауіпсіздік,  саяси реттеу, Ауғанстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруы. ҚР СІМ тұжырымдамасы бойынша, басты міндет Орталық Азия мен Ауғанстанның бірыңғай өңірін «бейбітшілік, ынтымақтастық пен қауіпсіздік аймағына» айналдыру.

Қазақстан ресм түрде жаңа лауазымда әлемдік қауымдастықтың назарын Орта-Азиялық өңірдің қажеттілігіне – тек өз еліне ғана емес, өзге елдердің жағдайын жақсартуға аудартатынын мәлімдеді. Бұл орайда кейінге қалдырылмайтын терорризм және экстремизммен  күрес, экономикалық және экологиялық мәселелер, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық мәселелері тұр.

Жұмыс жоспары бекітілді

Өткен жылы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанғаны мәлім болды. Бұл  өзіне жауапкершілік ала алатын, өңірлік дауларды шешуге қатыса алатын, интеграциялық ұйымдарды  құру мен ынтымақтастық көпірін құруға атсалысатын  ел ретінде өзін таныстырып жүрген  Қазақстан үшін үлкен қадам. Бас Ассамблея  ұйымындағы дауыс беру кезінде Қазақстан  138 елдің қолдауына ие болды, ал оның басты бәсекелесі Таиландты БҰҰ-ның 55 елі қолдады. Бұл көрсеткіш Қазақстан мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы беделін айқындай түседі. Айта кетейік, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып отырған алғашқы мемлекет.

ҚК тұрақты бес мүшесі – АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей және Қытай. Осы елдердің барлығымен Қазақстан серіктестік қарым-қатынас   орнатқан, ал Ресей, Қытай және АҚШ Қазақстанның стратегиялық серіктестері.

Айта кетсек, аталмыш бес ел ядролық қарудың бар екендігін ресми түрде нақтылап отырған   «ядролық клубтың» мүшесі болып саналады. Бәлкім, Қазақстан аталмыш қызметінде жаһандық қауымдастықты атом сынақтарын азайтуға біртабан жақындата түседі.

БҰҰ ҚК  тұрақты емес мүшесі ретінде   Қазақстанның  Стратегиясы әзірленді. Ол  халықаралық ынтымақтастықтың төрт  саласын қамтып отыр: азық-түліктік, су, энергетикалық және ядролық қауіпсіздік.

Барлық төрт саланың таңдалуының  өз себебі бар. Қазақстан астық пен ұнның ірі экспорттаушысы ретінде азық-түлік қауіпсіздігін шешу бойынша кезеңдік саясатты  жүзеге асырып отыр. Айта кетерлігі, өткен жылы  Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша  Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам  ұйымы құрылды. Ұйым штаб-пәтерімен бірге Астанада ИЫҰ базасында орналасқан. Ұйымға  мүше  мемлекеттер  астық егу материалы мен ауыл шаруашылығын дамытатын  тиімді техникалық жаңашылдықтарды әзірлеу,  бойынша туындаған проблемаларды ашық айтып, шешуін табуға мүмкіндік алды.

Су ресрустарының өтініші Арал теңізінің  тартылуы бойынша трагедиялық тәжірибені еске салады, ал энергетикалық және  ядролық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету – бұл жаһандық мәселелер.Қазақстан жақындағы екі жылда климаттың өзгеруі  бойынша жағдайды жақсартуды жоспарлауда.

Қазақстан алдында ауқымды міндеттер тұр. Еліміз 2018 жылға дейін планетаның ұйымдасуына үлес қосуға мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ, қазақстандықтар мен көрші елдердің ортақ ұлттық қызығушылығын алға тарту көзделіп отыр.




Яндекс.Метрика