Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстандық астықтың бірінші партиясы Хошимин портына жөнелтілді

Жалтыр станциясынан Хошимин вьетнамдық портқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ контейнерлерінде астық жөнелтілді. Жүк Ляньюнган порты арқылы өтеді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан19 Қаңтар , 19:48

Алғашқы  астық жөнелтімі «KTZ Express» АҚ еншілес кәсіпорын мен «Ляньюнган қ. қытай-қазақстандық халықаралық логистикалық компания» ЖШҚ бірлесіп ұйымдастырылды.

 «KTZ Express» АҚ вице-президенті Ержан Кулаков астықтың қап-қаппен контейнерлерде тасымалданып жатқанын айтып кетті. Мұндай тасымалдау вагондап жөнелтуге қарағанда Достық станциясында контейнерлерді тиеу процедурасының уақытын қысқартады.

 «Қазақстан бүкіл әлем бойынша астық тасымалдайтын   ең ірі 10 экспорттаушылардың қатарына кіреді. Жыл сайын экспортқа орта есеппен 8 млн тонна бидай шығарылады. Бұл орайда жүзеге асып жатқан алғашқы жөнелтім экспорттық қатынаста астық тасымалдаудың көлемін арттыруына жағдай жасайды» - деді Е.Кулаков.

Е.Кулаков сонымен қатар  Ляньюнган портындағы ортақ логистикалық терминал  Қазақстанның Қытайдағы ең ауқымды инвестициялық жобаларының бірі екенін айтты. Терминал «ГК Порт Ляньюньган» ЖШҚ  және «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясы - «KTZ Express» АҚ мультимодальдік компанияның  ортақ кәсіпорны.

 

 




Яндекс.Метрика