Басқару

Кәсіпкерлерге қойылатын артық талаптар сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызады - Өстеміров

ҚР Бас прокуратырасында өткен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры Ербол Өстеміров мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерге талап қою проблемалары туралы хабарлады.
Астана қаласы19 Қаңтар , 18:19

«Біз артық талаптар сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар туғызады деп санаймыз. Тамақ өнімдерін, мысалы, 50 кг және одан да көп мөлшерде үлкен қаптармен сатып алынатын макарондарды бөлшектеп орауға тыйым салуға қатысты. Дүкендерде бөлшектеп оралып, солай өткізілетінін барлығыңыз білесіздер. Талап бар, ал дүкендер орындамайды. Бұл жерде сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар бар деп санаймыз», - деп хабарлады Е.Өстеміров.

Ол талаптарды орындауға бизнестің өзі де әділ болуы тиіс екенін атап өтті.

«Біз бизнестің өзі де әділ болуы тиіс екенін жоққа шығармаймыз. Сонымен қатар біз мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерге қойылатын жекелеген талаптарын қайта қарауға болады немесе алып тастауға болады деп санаймыз», - деп атап өтті Е. Өстеміров.

Сондай-ақ директор кәсіпкерлерді жауапқа тарту сот практикасы біркелкі емес екенін де мәлімдеді.

«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жекелеген кәсіпкерлерден тиісті сертификаттарды талап ететін фактілер де орын алады. Оған қоса, кәсіпкерлерді жауапқа тарту сот практикасы біркелкі емес», - деді Е.Өстеміров.

Оның айтуы бойынша, Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетімен келіспеушіліктерге байланысты да проблемалар туындайды.

«Талаптардың 80%-ын біз жоққа шығарсақ, бұл 9,2 мың талап, жекелеген проблемалар бойынша бізде Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетімен келіспеушіліктер орын алады. Олар қандай да бір талапты алып тастау үшін оны ғылыми түрде негіздеу қажет деп санайды», - деді Е. Өстеміров.

Ол талдау жүргізіп, комитетке қажетті негіздемелерді беретін ғылыми ұйымдарға мониторинг жүргізгенін хабарлады.

«Біз өткен жылдың соңында ҰЭМ-мен осы мәселені көтерген болатынбыз және тәуелсіз сарапшылармен және ғылыми ұйымдармен барлық талаптарға талдау жүргізу қажеттігін түсінеміз. Олар талдау жүргізіп, комитетке қажетті негіздемелерін бере алады. Комитет ескірген және ақылға сыймайтын талаптарды өз бетінше алып тастайтынын айтты. Алайда, жекелеген мәселелер бойынша келіспеушіліктер бар», - деп қорытты Е.Өстеміров.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика