Басқару

Кәсіпкерлерге арналған санитарлық міндеттер өзектілігін жоғалтты– Бас прокуратура (ФОТО)

Кәсіпкерлерге тағылатын орынсыз және өзектілігін жойған міндеттер туралы ҚР Бас прокуратурасы департаментінің бастығы Марат Сексембаев ҚР бас прокуратурасында кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің отырысында баяндады.
Нұр-Сұлтан 19 Қаңтар, 17:41

«Тексеру парағы өзектілігін жойған, орынсыз, ақылға сыймайтын міндеттерден тұрады», - деді М.Сексембаев.

Ол айтып  өткендей,  қазіргі таңда   санэпидқадағалаудың  тексеру парағы  83 міндеттен тұрады, оның ішінде  32-сі сауда нысандары,  22 астық өнеркәсібі және 46-сы қоғамдық тамақтануға арналып отыр. Олардың барлығы бір тексеру қағазында көрсетілген.

«Әр түрлі салаға арналған талаптардың барлығы бір параққа тізілген. Тексеруші де бір салаға көптеген саланың  міндетін орындауды талап етеді. Бұл жемқорлыққа да апаруы мүмкін, кез келген жағдайда  бизнес  құлдырайды», - деді М.Сексембаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда аталмыш нормаларды қысқарту  бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.

«Біз аталмыш талаптарды қысқарту мен олардың бір салаға тиесілігін  қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды бастадық», - деді департамент бастығы.

Сондай-ақ, ол азық-түлікті  тұрғын үйлерде  орналасқан нүктелерге   түнде кіргізуге  тыйым салу міндетін қажет еместердің қатарына жатқызды.

Қайрат Жандыбаев 

Сурет: Шыңғыс Қаппаров 





Яндекс.Метрика