Өңірлер

Ақмола облысында 2017 жылға арналған өнеркәсіптік өндіріс перспективалары анықталады

Ақмола облысында 2016 жыл қорытындылары бойынша экономиканың барлық салаларында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң динамикасы қамтамасыз етілген, деп хабарлады өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша аппараттық жиналыс барысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров.
Ақмола 19 Қаңтар, 16:54

Ол ИИДМБ (2010-2016 жж.) аясында 180,6 млрд теңге сомасына 78 жоба іске асырылғанын, 7,1 мың тұрақты жұмыс орны ашылғанын атап өтті.

2016 жылғы 12 ай ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемі - 347,0 млрд теңгеге, соның ішінде өсімдік шаруашылығы саласында - 240,7 млрд теңгеге және мал шаруашылығы саласында 105,1 млрд теңгеге жеткен, оған жоғары өнімділік (13,2 ц/га) пен дәнді-дақылдардың жалпы өндірісі (5,7 мл. тонна) ықпал еткен.

«2016 жылы «Нұрлы жол», «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясында сумен жабдықтау және су бөлу жүйесін дамытудың 19 жобасын іске асыруға 3,7 млрд теңге бөлінді. 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығындағы кезеңде 364,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл 2015 жылғы деңгеймен салыстырғанда 129,3% құрайды», – деп мәлімдеді Б. Малғаждаров.

Облыс әкімі Сергей Кулагин баяндаманы тыңдап, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы басқармаларына аудан әкімдерімен бірлесіп, өнеркәсіптік өндіріс перспективаларын анықтауды және индустриялық сектор өнімі көлемдерінің өсу резервтерін анықтау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

«Халықтың жұмыспен қамтылуын және облыс бюджетіне қосымша түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында, Индустрияландыру картасының жобаларын қосу және іске асыру және облыстың кәсіпкерлігін қолдау бойынша жұмыс ерекше бақылауда болуы тиіс», – деп атап өтті С. Кулагин.

Бұдан бөлек, негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларына бірлескен мониторинг жүргізу жұмысын күшейтуге, сауда кәсіпорындары, тауар өндірушілер, көтерме сауда саласындағы өнім берушілер арасында меморандумдар жасауды қамтамасыз етуге өңір басшысы аудан әкімдерінің және ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары басшыларының назарын аудартты.





Яндекс.Метрика