Басқару

М.Құл-Мұхаммед: «Нұр Отан» партиясының міндеті – Президент тапсырмаларының жүзеге асуын бақылаумен қамтамасыз ету

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед бейне байланыс арқылы партияның құрылымдық бөлімдері және облыстық филиалдарының басшыларымен кеңейтілген жиналыс өткізді. Онда Төрағаның Бірінші орынбасары партияның 2016 жылғы жұмысын қорытындылап, алдағы жоспардың басым бағыттарын нақтылады.
Астана қаласы 19 Қаңтар, 14:58

Өткен жылы «Нұр Отан» партиясы жұмыс форматын жаңғыртып, көптеген игі істерге мұрындық болды.

Ал 2017 жылғы басым бағыттарға келер болсақ, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары жиналыста алдағы тапсырмалар мен міндеттердің ауқымы айтарлықтай кеңейгенін айтты.

Одан бөлек, Мұхтар Құл-Мұхаммед ерекше маңызға ие аталған мәселелермен қатар, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы президенттік бағдарламасын, агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасын, сондай-ақ, азық-түлікпен қамтамасыз ету және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын халық арасында кең көлемде талқылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, партия өкілдері «Нұр Отанның» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылап, жүйелі мониторинг жасауға міндетті.

Жиынды қорытындылай келе, Мұхтар Құл-Мұхаммед 2017 жылы «Нұр Отан» партиясына 17 жыл толатынын тілге тиек етті. Осы уақыт аралығында партия өз қатарына Елбасының ең сенімді жақтастары мен серіктерін топтастырып, беделді, мүшесі көп және шын мәніндегі Қазақстанның бүкілхалықтық саяси күшіне айналды.

 «Партия мүшелері үшін маңызы жоғары осынау жылда біз ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының кемел келешегі үшін Мемлекет басшысының барлық тапсырмасын жүз пайызға орындауға міндеттіміз. Президент еліміздің алдына жауапты да күрделі міндеттерді қойды. Егер әрқайсымыз өзімізге тиісті жұмысты адал әрі ұқыпты істесек, Елбасымыз сияқты бар жан-тәнімізбен берілсек, міндетті түрде жетістікке жетеміз және «Қазақстан-2050» даму стратегиясында көрсетілген мақсат-мұраттарды жүзеге асырамыз», – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.





Яндекс.Метрика