Адами капитал

Қазақстандық әскери қызметшілер арнайы тренажерлық кешендерді меңгеруді үйренуде (ФОТО)

Қазақстанның Қарулы Күштерінде келісімшарт және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жеке құрамын арнайы тренажерлық кешендерде оқытып-үйрету жүргізілуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 19 Қаңтар, 20:43

Атқыш-зенитшілер, гранатаатқыштар мен ұрыс машиналарының жүргізушілері тура оқу сыныптарында іс жүзінде өздерінің кәсіптерінің ерекшеліктерін игеруде. 

Оның ішінде, әскери бөлімде жеке құрамды даярлау үшін шынайы көзбен шолу және дыбыстық әсері бар «Игла» және «Стрела» үлгісіндегі зениттік-зымыран кешенінің оқ атуын елестететін тренажерлық кешен бар. Аталмыш тренажер зениттік-зымыран кешенін жауынгерлік қалыпқа келтіру, автоматты қолмен ұстау режімінде оқ атуға, нысанаға көздеу, қармау, шығару және т.б. бойынша тапсырмаларды орындай алады.

Шағын артиллериялық сынып межелердің, соның ішінде, қозғалмалы нысаналардың елестетілуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қарсылас пен өз әскерлерінің жағдайы мен тактикалық іс-қимылдарын, атыс бөлімшелерінің елестетілуін, күндіз және түнде оқ ату тапсырмаларының орындалуын, зеңбіректен бастап бірнеше артиллериялық топтарға дейін атыс құралдарын тарта отырып, оқ атудың кез келген тапсырмаларын көрсетеді. 

Сонымен қатар, әскери бөлімде әскери қызметшілерді жаяу әскер мен танктердің ұрыс машиналарын жүргізуге, сондай-ақ, атыс қаруынан оқ атуға оқытып-үйрету үшін тренажерлық кешендер бар. Оның ішінде, атыс даярлығына арналған «Профи» тренажеры. Бұл тренажер полигон мен шынайы жауынгерлік жағдайлардың жай ғана жақсы компьютерлік елестетілуі емес, ол жаттығуды орындау кезінде әскери қызметшілер жіберген кемшіліктер мен қателіктерді, оқ-дәрілердің жұмсалуы мен өзге де көрсеткіштерді талдауға қабілетті.

Мұндай тренажерлық кешендер Қазақстанның барлық әскери бөлімдерінде бар екенін айта кеткен жөн. Осындай тренажерлардың арқасында полигондарға шықпай-ақ әртүрлі мамандықтар бойынша әскери қызметшілерді даярлауға мүмкіндік туып отыр. Оқыту барысында әскери қызметшілер қажетті теориялық білім алады. Содан кейін алған білімдерін тренажерларда қолдануды үйренеді. Ал одан соң шынайы ұрысқа жақындатылған далалық жағдайда дағдыларын бекітеді. Осы мақсатта әскери бөлімдерде күндізгі және түнгі уақытта жауынгерлік оқ атулар өткізіледі.





Яндекс.Метрика