Білім беру

ШҚО-да балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100%-ға жетіп қалды

ШҚО-да -3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 98,8 пайызды құрады. Бұл көрсеткішке 2016 жылы 35 балабақшаның ашылуы нәтижесінде орнады, деді білім басқармасының жетекшісі Айжан Садықова әкімдіктегі отырыста.
Шығыс Қазақстан19 Қаңтар , 12:54

Ол айтып өткендей, білім  басқармасы  бағдарламаның үш бағытын жүзеге асыруда: мектепке дейінгі тәрбие және білім беру, орта, техникалық  және кәсіптік білім беру. Облыс дамуына  2016 жылы  96,2 млрд теңге бөлінді, ол 2015 жылдағы көрсеткіштен  18,8 пайызға жоғары.

«3-6 жас аралығындағы балалардың  98,8 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған.  2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда  ол 27,3 пайызға  көп. Бұл көрсеткішке  2016 жылы  35 балабақшаның  ашылуы нәтижесінде орнады.  Ол  2691 орындық мекемелер, оның ішінде  19 жеке меншік және 4 мемлекеттік, 4 шағын орталық, 8 мектепте балабақшалар бар», - деді А.Садықова.

Оның айтуынша, шағын орталықтарда  809 баланы қамтитын шағын орталықтар ашылды. 2017 жылы  500 орындық  4  жеке меншік  мекемені ашу  жоспарланып отыр.

Анықтама: ШҚО-да балаларды аз уақыт қарау шағын орталықтары  46,7 пайызды құрап отыр. 234 шағын орталықта  балалар сапалы мектепке дейін біліммен толықтай қамтамасыз етіліп отырған жоқ. Оның аз бөлігі Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Зырян, Күршім аудандарында бар.  Мектепке дейінгі дайындықпен балалар  100 пайыз қамтылған. Бұл іспен 605 мектеп және  270 балабақша айналысып отыр.




Яндекс.Метрика