Өңірлер

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту ҰКП-мен бірлесіп жүргізілетін болады

Кәсіпкерлер палатасы, ауыл шаруашылығы басқармасы және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақмола облыстық филиалы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, деп хабарлады ұлттық палата.
Ақмола19 Қаңтар , 12:28

Құжаттың басты мақсаты өңірде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және дамыту, ӘКК анағұрлым өзекті проблемаларын шешу, жалпы, отандық бизнестің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру бойынша жүйелі шаралар әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс жасау болып табылады.

Тараптар осы іс-шаралар аясында билік, бизнес, жеке тұлғалар және жеке аула шаруашылықтары арасында тиімді сұхбат алаңын ұйымдастыруды жоспарлауда.  

Негізгі мақсаты нарықта талап етілетін АӨК бәсекеге қабілетті өнімін өндіруді қамтамасыз ету болып табылатын 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленгені белгілі. Оның басымдықтарының бірі – ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және олардың жұмыс істеуі.

«Бағдарламада кооперативтер арқылы өнім өткізу жүйесіне ел бойынша 500 мыңнан астам жеке аула, шаруа қожалықтарын тарту көзделеді. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу және өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды жүктеу үлесі 1,3 есе ұлғайтылады. Салаға жеке инвестициялар көлемі үш еседен артық өсіп, 427 млрд теңгеге дейін жетеді», -  деп атап өтті ӨКП директоры Еркебұлан Баяхметов.

Бүгінгі таңда жаңа несиелік өнімдер әзірленіп, бекітілді.

Әрбір облыста іске асырылатын шаралардағы қойылатын талаптарға жауап беретін кооперативтер құрылатын пилоттық аудандар анықталған. Кейіннен осы кооперативтердің тәжірибесі басқа аудандарда тираждау үшін қолданылатын болады.

Қазіргі уақытта облыста 208 ӘКК жұмыс істейді. Биылғы жылы 80 ӘКК тіркелген, оның ішінде жартысынан астамы Палата сарапшыларының сүйемелдеуінде. Бүгінгі күні Палатаның қолдауымен алты ӘКК, соның ішінде «Бурабай» АӨК» әмбебап өндірістік кооперативі құрылған.

Оның мақсаты – өткізу үшін өндірілген өнімді шоғырландыру, ӨК мүшелерін ортақ жауапкершілік бойынша қаржыландыру. Зеренді ауданы сүт өндірушілерінің кооперативі – «Зеренді сүт» ӘКК құрылды.

Бұдан бөлек, Атбасар және Зеренді аудандарында жеке аула шаруашылықтарын тарта отырып, сүт қабылдау бойынша үш ӘКК, сондай-ақ Қорғалжын ауданында өсімдік шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысатын бір ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген. 




Яндекс.Метрика