Инвестициялар

СҚО кәсіпкерлеріне 2016 жылы 1,1 млрд теңгенің қолдауы көрсетілді – «Даму» қоры

2016 жылы «Даму» қоры мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлеріне 1,1 млрд теңгенің көмегін көрсетті .
Солтүстік Қазақстан19 Қаңтар , 10:59

«Өңірлік филиалға 42 кепілдік берілді. Қор ұсынған кепілдіктің саны  2016 жылы 0,9 млрд теңгені құрады», - делінген Қордың хабарламасында.

2016 жылдың маусым айында  СҚО әкімдігі мен «Даму»  қоры арасында  шағын және орта бизнесті  несиелендіруге  200 млн теңге бөлінді. Аталмыш меморандум аясында  облыстың  11 кәсіпкерлігі жылдық 8,5 пайыздық көрсеткіш бойынша  жеңілдігі бар несие алды.

Өткен жылы  СҚО-ның халыққа қызмсет көрсету орталықтарының  бастаушы және  тәжірибелі  2 300 маманы бизнес-жоспарлар мен бизнес-жобаларды сүйемелдеу бойынша  консультативтік-тәжірибелік  шаралар өткізілді.

«Даму» Қорының ОҰЖ қызметінің  қорытындысы бойынша СҚО-да 130 кәсіп тіркелді, оның  40 бірлігі18-29 жастағы жастарға тиесілі.

 




Яндекс.Метрика