Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ЖҚЗ 2016 жылы ҒЖ-дан алынатын 14 мыңнан астам ғарыштық түсірілімдер ұсынылды

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінен алынатын ғарыштық түсірілімдерді республикамыздың орталық және жергілікті мемлекеттік органдарына және ұйымдарына ақысыз негізде ұсынып отыр.
Астана қаласы19 Қаңтар , 10:24

Түсірілімдер мемлекеттік органдардың өтінімдеріне сәйкес ұсынылады, деп хабарлады ведомство.

«ҚР ЖҚЗ ҒЖ алынатын ғарыштық түсірілімдерді мемлекеттік органдарға және ұйымдарға ұсыну қызметтері» республикалық бюджеттік кіші бағдарламасына сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік органдарына және ұйымдарына өткен жылда барлығы 14 693 ғарыштық түсірілім (20 059 085 шаршы шақ.) ұсынылды.

Коммерциялық құны 12 млрд. астам теңгені құрады, оның ішінде:«KazEOSat–1» айыру қабілеті жоғары ғарыштық аппаратынан алынған тағы 12 128 ғарыштық түсірілімдер (4 851 200 шаршы шақ.) мынадай мемлекеттік органдарға,атап айтқанда: ҚР Қорғаныс министрлігі; ҚР ІІМ ТЖК: ҚР ІІМ БҚО Ішкі істер департаменті; ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті; Автомобиль жолдары, азаматтық авиация комитеті; ҚР Энергетика министрлігі; ҚР Бас прокуратурасы; ҚР ҰҚК; ҚР ҰҚК Шекара қызметі; Астана қ. ҰҚК департаметі; ҚР Ұлттық экономика министрлігі; ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі; ҚР ҚМ Мемлекеттік табыстар комитеті; Атырау және Оңтүстік облысының ТЖД; Атырау облысының әкімдігі; Шымкент қаласының әкімдігі; «Қазгеодезия» РМҚК; «ҰКГФ» РМҚК; «Гисхаги» РМК.

«KazEOSat – 2» орта айыру қабілеті ғарыштық аппаратынан алынған тағы 2565 ғарыштық түсірілімдер (15 207 885 шаршы шақ.)  ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР Бас прокуратурасына, ҚР Энергетика министрлігіне, ҚР ІІМ ТЖК-не, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментіне, ҚР ИДМ Автомобиль жолдары және азаматтық авиация комитетіне, ҚР АШМ Мемлекеттік инспекция комитетіне, ҚР ҰЭМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне, ҚР ЭМ «Қазгидромет» РМК, «ҰКГФ» РМҚК және Павлодар қаласының Прокуратурасына жолданғанын атап өткен жөн.

Ұсынылатын ғарыштық түсірілімдердің негізінде геоқызметтер және жоғарғы қосылған құнымен бірге геоөнімдер құру бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету шеңберінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың және олардың ұйымдары өкілдерімен салалық сипаттағы мәселелер бойынша кеңес беру жұмыстары жүргізілгендігін атап өтеміз.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың өкілдері оқытылды, нәтижесінде оқу курстарынан табысты өткендігі туралы сертификаттар берілді.

Қазіргі уақытта «ҚҒС» ҰК» АҚ-тың мамандары мемлекеттік мекемелердің өкілдеріне кеңес беру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

2016 жылы ҚР ЖҚЗ ҒЖ-ның ғарыштық түсірілімдерін беру бойынша мемлекеттік органдардың сұранысы толықтай қанағаттандырылғаны белгілі болып отыр.




Яндекс.Метрика