Қалаларға шоғырлану

Астанада «е-ПИК» енгізу бойынша жоба әзірленуде

Астанада ПИК жұмысына арналған қоғамдық тыңдауда қалалық пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне автоматтандырылған шешім енгізу бойынша «е-ПИК» жобасы таныстырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы19 Қаңтар , 09:26

««е-ПИК» жобасы смарт Астана «Ақылды қала» ірі жобасының шеңберінде жасалды. Біз қала әкімі 11қаңтарда өткен алқа отырысында көтерген мәселені шешуге кірістік. Бүгінгі күні ПИК жұмысы көңіл көншітпей отыр, көрсетіліп отырған қызмет сапасы тұрғындарды қанағаттандырмайды. Біздің жоба ПИК және тұрғындар арасындағы байланысты жақсарту үшін ПИК қызметіне автоматтандырылған шешім енгізуге бағытталған, нәтижесінде тұрғындар үшін қызмет көрсету сапасы жақсарып, ПИК жұмысының айқындылығы артады деп күтілуде», - деп хабарлады «Astana innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жаннат Дүбірова.

Жоба шеңберінде Астана тұрғындары арнайы порталда жеке кабинет құрып, ПИК-ке өтініштерін қалдыра алады. Сондай-ақ, жеке кабинетте ПИК хабарламаларын оқуға мүмкіндік қарастырылған. 

Бұған қоса, «е-ПИК» ұялы қосымшасы әзірленеді. 

«Біз республика ауқымында тарату үшін қалалық технологияларды енгізу тәжірибесін жинақтаудамыз. Бұл  республикада тұтас бір қаланың аумағында қолға алынған алғашқы ірі жоба», - деп атап көрсетті ол.

 




Яндекс.Метрика