Халықаралық интеграция

Давоста Қазақстанның ивестициялық және көліктік мүмкіндіктерін таныстырылады

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Давоста Дүниежүзілік экономикалық форумның іс-шараларына қатысуда, онда Қазақстан делегациясын бастап барған министр Қазақстанның көлік хабы мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырады, деп хабарлады ведомство.
Әлемде18 Қаңтар , 19:52

ҚР ИДМ басшысы форумның «Төртінші индустриялық революцияға дайындық» тақырыбындағы панелдік сессиясына қатысты. Бұл жерге Марк Бенеф, Билл Гейтс, Джек Ма, Билл Макдермотт, Чак Роббинс сияқты тағы да басқа әлемдік технология саласының ірі тұлғалары келді. Сессия қатысушылары төртінші индустриялық революцияға қалай әзірлену керек, оның қазіргі жұмыс орындарына және жалпы базалық кіріске қатысты әсері қандай деген мәселелерді талқылады.

Форум алаңында Жеңіс Қасымбек Қазақстанда өз жобаларын жүзеге асырып жатқан және жоспарлап отырған инвестиция, өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, химия саласында жұмыс істейтін «Enerco Distribuzione», «Glencore», «FT CNBC Nightcap», Evonik AirSpan, Sun Group сияқты бірқатар шетелдік компания және инвестиция саласындағы ұйым басшылығы өкілдерімен іскерлік кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ, министр перспективалы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша жапонияның «JETRO» инвестициялық агенттігімен,  «Инфрақұрылымдық инвестициялар Азиялық банк» басшысымен және ЕҚДБ вице-президенті Ален Пилумен келіссөздер жүргізеді.

Бұдан бөлек, ҚР Инвестициялар және даму министрі «Нарық капиталын дамыту үшін шетелдік инвестицияларды тарту» және «Жібек жолының тиімділігі» тақырыбындағы сессияларға қатысады. Онда әлемнің көптеген елдеріне Қазақстанның көлік хабы мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырады.

«Отандық көшбасшылық» ұранымен өтіп жатқан Давос форумы биыл да әлемнің көптеген жоғары лауазымды тұлғалары қатысатын алаңға айналып отыр. Оның ішінде бізге көрші елдердің басшылары да бар. Мәселен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Иранның өнеркәсіп және кен министрі және тағы басқалар. 




Яндекс.Метрика