ҚР ИИДМБ

ҚДБ Шымкент қаласындағы көліктік-логистикалық орталық құрылысының жобасын қаржыландыруды бастады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, Шымкент қаласында «А» класты көліктік-логистикалық орталықтың (КЛО) құрылысын қаржыландыруды ашты, деп хабарлады "Қазақстанның Даму банкі" АҚ.
Оңтүстік Қазақстан19 Қаңтар , 08:57

Құны 15 млрд 796 млн теңгені құрайтын жоба тауарлық ағындарды өңдеу жөніндегі инфрақұрылымдағы Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) шекарасы маңының өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне бағдарланған. ҚДБ тарапынан қаржыландыру Индустрияландыру Бағдарламасының (ИИДМБ-2) екінші бес жылдығының аясында ұсынылған, қарыз сомасы 11,8 млрд теңгені құрайды, мерзімі – 15 жылға дейін.

Жобалауы 2014 жылдың қыркүйегінде басталған КЛО, Knight Frank халықаралық сыныптамасы бойынша «А» класты қоймаларға қойылатын талаптарға сәйкес келеді. ҚДБ тарапынан ұсынылған несиелік ресурстар жобаны 2017 жылдың бірінші жартысында аяқтауға мүмкіндік береді.

Аумағы 35 га құрайтын жер телімінде тұрғызылатын қоймалық үй-жайлардың жалпы көлемі 24 783,6 ш. м. құрайды (құрғақ және климаттық қоймалар). Қоймалық үй-жайлардан бөлек, көліктік-логистикалық орталыққа әкімшілік корпус, контейнерлік терминал, кедендік бақылау аймақтары (УСҚ және КҚ) және ілеспелі инфрақұрылым кіреді.

КЛО түрлі температуралық режиммен жауапкершілікті сақтаудың логистикалық қызметтерінің толық кешенін көрсетеді, оның ішінде клиент-компаниялардың тапсырыстарын қабылдау, іріктеу және тауарларын түсіру жөніндегі, сондай-ақ темір жол вагондары мен ауыр тонналы контейнерлерді кедендік рәсімдеумен, ақауды сұрыптаумен, түгендеумен беру-тазарту және босатуға байланысты қосымша және басқа да қызметтерді көрсетеді.

ОҚО түрлі жүктерді сақтау және өңдеу жөніндегі қызметтерге мұқтаждығы 1 млн ш.м. бағаланады. Бұл ретте өңірдегі жүк  айналымы өсу үстінде: 2011 жылы көрсеткіш 111,1 млн тоннаны, 2012 жылы – 123,8 млн тоннаны, 2013 жылы – 132,9 млн тоннаны, 2014 жылы – 145 млн тоннаны, 2015 жылы – 154,6 млн тоннаны құрады.




Яндекс.Метрика