Өңірлер

ШҚО мектептеріндегі үш ауысымды оқу 2017 жылы алынып тасталмақ

Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылы мектептердегі үш ауысымды оқуды алып тастау жоспарлануда.
Шығыс Қазақстан18 Қаңтар , 17:56

ШҚО Ақпараттық орталығы хабарлағандай, өңірдегі апатты мектептер мен үш ауысымды оқу проблемасы жаңа білім беру нысандарын салу есебінен шешілуде. Республикалық және облыстық бюджеттер есебінен 6 мектеп ашылған.

Білім басқармасының басшысы Айжан Садықованың айтуы бойынша, 2017 жылы апатты мектептердің орнына және үш ауысымды оқуды жою үшін 3 мектеп салынады.

Өңір басшысы Даниал Ахметов дұрыс шешім шығару үшін бар мектептердің жай-күйін, олардың жүктелімін талдап, жуық арада одан әрі қандай әрекет жасау қажеттігін анықтайтын комиссия құруды тапсырды.

Бұдан бөлек, Аягөзде Ұлттық қор қаражаты есебінен 600 орынға арналған мектеп құрылысы басталды. Ол аяқталғаннан кейін өңірдегі үш ауысымды оқу болмайды. 




Яндекс.Метрика