Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

2016 жылы ЖҚЖК бағдарламасын жүзеге асыру аясында 10 мыңнан астам азамат микрокредит алды

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мен тірек ауылдарын кешенді түрде дамытуды қарастыратын (әрі қарай – «»ЖҚЖК 2020) екінші бағытын жүзеге асыру аясында 10 мың 99 адам микрокредит алды. Оның ішінде 421 адам микрокредитті қайтарылған қаражат есебінен рәсімдеді.
Казахстан18 Қаңтар , 16:23

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, микрокредит алған адамдардың 56% немесе 5 мың 677-сі өз ісін ашып, кәсіпкер атанса, қалған  44% немесе 4 мың 422 адам қолданыстағы бизнесінің аясын кеңейтті. Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, оған 8 мың 821 адам қосымша жұмысқа орналастырылды.

Сонымен бірге, бағдарламаның екінші бағытының аясында 3 мың 743 адам кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқуларын аяқтады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «»ЖҚЖК 2020» бағдарламасының аталған бағытын жүзеге асыру мақсатында 31 млрд. теңге бөлінді. 




Яндекс.Метрика