Инновациялар

Ақмола облысында базальт таужыныстары негізінде жылу оқшаулау материалдары шығарыла бастайды (ФОТО)

Ақмола облысында биылғы жылы «Politerm» ЖШС базальт таужыныстары негізінде жылу оқшаулау материалдарының өндірісін ұйымдастырмақ.
Ақмола 18 Қаңтар, 18:51

Жылына 34,0 мың тонна өнім шығару жоспарлануда. Жобаның құны – 6,8 млрд теңге, оның ішінде «Politerm» ЖШС өз қаражаты – 2,3 млрд теңге, қарызға алынған қаражат – 4,5 млрд теңге, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Облыс әкімі Сергей Кулагин Бұланды ауданына жұмыс сапары барысында осы кәсіпорынның құрылысымен танысты.

Бүгінгі таңда электрмен, газбен жабдықтау, темір жолдарды қайта құру бойынша жұмыстар толық орындалды, технологиялық жабдықты монтаждау жұмыстары аяқталуда, сондай-ақ жылу, вентиляция және өрт дабылы жүйесін монтаждау басталды.

«2016 жылы 2287,4 млн теңге сомасына субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді», – деп мәлімдеді «Politerm» ЖШС басқарма төрағасы Жасұлан Мұхаметжан.

Бұдан әрі Макинск қаласында облыс әкімі Сергей Кулагин ИИДМБ аясында Индустрияландыру картасына енгізілген құс фабрикасы құрылысының барысымен танысты. 





Яндекс.Метрика