Тексеру процедурасы жолаушылардың қауіпсіздігін жоғарлату және антитеррористік қорғалуды қамтамасыз ету аясында ағымдағы жылдың 1 ақпаннан бастап іске қосылады.
«Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең кезеңмен енгізіледі. 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірде Астана вокзалында, ал қалған 13 теміржол вокзалдарында 1 маусымда ұйымдастырылады. Осыған байланысты 56 тексермелеу жабдық кешені сатып алынды», - деді ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдік желі дирекциясының вокзал шаруашылығы Департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев.
Ж.Көрпебаевтың айтуынша, бұл орайда тексерісті өтіп, пойызға кешікпеу үшін жолаушылар вокзалдарға алдын ала келу қажет.