Өңірлер

2016 жылы ақтөбелік КҚС 20 млрд теңгеден астам қаражат алды (ФОТО)

2016 жылы Ақтөбе облысында кәсіпкерлік қызмет субъектілерін барлық көздерден қаржыландыру сомасы 21 млрд теңгеге жетті, бұл 2015 жылға қарағанда бір жарым есе артық, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова мемлекеттік органдардың, облыс кәсіпорындары басшыларының, өңірдің шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен әкімдікте өткен жиналыс барысында.
Ақтөбе 18 Қаңтар, 09:56

Ол ӨҮК 2016 жылы бизнес субъектілерінің 316 өтінімін мақұлдағанын атап өтті, осы ретте «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ауылдық кәсіпкерлерді несиелендірумен қамтуға баса назар аударылды. «Жас Старт» және «Кең Дала» несиелендіру бағдарламалары іске асырылуда, олардың аясында банктер 791,3 млн теңгеге 67 субъектіні несиелендірді. 184,8 млн теңге сомасына тағы 15 жоба несие алу кезеңінде.

«БЖК іске асыруға 2017 жылы республикалық бюджеттен 1,166 млрд теңге және инфрақұрылымға тағы 283,8 млн теңге бөлінді. Ағымдағы жылы 4,2 млрд теңге сомасына шағын несие қаражаты күтілуде және өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасын іске асыру басталады, оның нәтижесінде қолданыстағы бизнестің 1 500 бірлікке көбеюі күтілуде», - деді  А. Даржанова.

«Бізде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін барлық мүмкіндіктер бар және басқа өңірлермен салыстырғанда логистика, энергетикалық ресурстардың құны, адами ресурстар бойынша бірқатар басымдықтар бар. Әкімшілік тосқауылдардың, тексерулердің азаюы, рұқсат беру құжаттарын ресімдеу мен алуды жылдамдату күтілуде», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналыс барысында.

Сондай-ақ өңір басшысы компания басшыларына бизнесті жүргізу мәдениеті туралы еске салды.

Жиналыс соңында өңір басшысы кәсіпкерлерге ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі қайырымдылық акциясына қатысқаны үшін алғыс білдіріп, кәсіпкерлік басқармасына КҚС-ті «Туған жерге тағзым» акциясына тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.





Яндекс.Метрика