Білім беру әдістемелерін жаңғырту

ОҚО-да 2013 жылдың соңына дейін 9 білім беру нысаны іске қосылады -А.Мырзахметов

Әлеуметтік салада Оүтүсітік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 9 білім беру нысаны іске қосылады, деп мәлімдеді облыс әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Оңтүстік Қазақстан12 Желтоксан , 11:27

«Әлеуметтік салада биыл 86 білім беру нысанының құрылысы қолға алынды. Солардың 56-сы республикалық бюджет есебінен. Қазіргі таңда солардың 38-і қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін тағы 9-ы іске қосылады. Ал 115 нысанда күрделі жөндеу жүргізілуде», - деді А.Мырзахметов.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірдің 1021 мектебінде 543 бала білім алып жатыр.

«Соңғы жылдары 251 білім беру нысаны пайдаланылуға берілді. Солардың 149-ы республикалық бюджет есебінен. Осылардың арқасында 62 апаттық және 29 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілді», - деді А.Мырзахметов.

Оның айтуынша, «Балапан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 50 мектепке дейінгі мекеме қолданысқа берілген.

«Егер осыдан бес жыл бұрын мектепке дейінгі мекемелер саны небары 181 болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 997-ге жетті. Балаларды осы мекемелермен қамту 14%-дан 61,5%-ға артты», - деді облыс әкімі.




Яндекс.Метрика