Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда экспорттық тауарлардың бағасы көтерілді

2016 жылғы қаңтар-қарашада экспортталатын тауарларға баға – 13,7%, импортталатындарға 15,3%-ға жоғарылады, деп хабарлады ҰЭМ Статистика департаменті.
Казахстан12 Қаңтар , 19:21

2016 жылдың өткен кезеңіне экспорттық жеткізілімдердің бағасы мырышқа – 52,4%, қорғасынға – 42,3%, қара металдар илегіне – 40,8%, алюминийге – 21,5%, көмірге – 20,9%, түсті және қара метал кендеріне – 16,7%, мұнайға – 16,3%, ферроқорытпаларға 14,6%-ға жоғарылады, табиғи газға 7%-ға төмендеді. Бағаның мақтаға – 49,5%, астыққа – 15,2%, жүнге 11,4%-ға жоғарылауы тіркелді.

Импорттық өнімдерден көкөністер – 28,9%, құс еті – 17,7%, жемістер мен жаңғақтар – 14%, қант – 13%, шай – 10,6%, маргарин – 10%, балық – 8,7%, сүт өнімдері 7,3%-ға қымбаттады. Баға қағазға – 32,4%, тоқыма бұйымдарына – 24%, аяқкиімге 21,1%-ға жоғарылады.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика