Қалаларға шоғырлану

Астанада 380 автобусты жаңарту жоспарлануда (ФОТО)

Биылғы жылдың мамырында Астанаға 380 автобустың жеткізілуі күтілуде, бұл жөнінде Әкімдікте өткен қоғамдық тыңдау барысында елорда әкімі Әсет Исекешев хабарлады.
Астана қаласы 12 Қаңтар, 15:49

«Қоғамдық көлік қаланың тұрақты дамуы үшін өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта автобустарды кезең-кезеңмен жаңарту жүріп жатыр. Қалалық бағдарларға шығару үшін 270 жаңа қалалық автобусты жеткізу жүзеге асырылатын болады. Бұл шаралар 200-ден астам сәйкес келмейтін автобусты пайдаланудан шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тапсырысты іс-шараларға қызмет көрсететін 110 жұмсақ автобустарды жеткізу жүзеге асырылады», - деп хабарлады Астана әкімі.

Ол жаяу жүргіншілер мен қоғамдық көлік негізгі басымдық болып табылатынын атап өтті.

«Біздің міндетіміз барлық қажетті орындарда тұрақты қамтуды қамтамасыз ету. Біз автобустарды күту уақытын 7-10 минутқа дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Ә. Исекешев. 

Сондай-ақ Ә. Исекешев Астанада мектеп оқушыларын тасымалдаудың бағдарлы желісі құрылатынын айтты.

«Бүгінгі күні Астанада 117 мың оқушының 26%-ға жуығы мектепке жеке көлікпен барып жүр, бұл көше-жол желісінің қауырт сағаттарда 13% күнделікті жүктеліміне әкеледі. Балалардың 12%-ы қоғамдық көлікпен жол жүреді. Биылғы жылы жобаны іске асыруды бастау үшін 45 жаңа мектеп автобусын жеткізу жоспарланып отыр», - деп мәлімдеді әкім.

Қайрат Жандыбаев

Сурет Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика