Атаулы әлеуметтік қолдау

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Павлодар облысында жетім балаларға пәтер кілттері табысталды

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Шарбақты ауданында жетім балаларға арналған жатақхана ашылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодар12 Желтоксан , 10:04

«Жатақханадағы 13 пәтер жұмыс істейтін жастарға, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, Бағдарламаның қатысушысы атанған жетім балаларға берілді.Пәтер кілттерін Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын табыстады», - делінген хабарламада.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының үшінші бағыты аясында ғимарат қалпына келтірілді.

Пәтер үлгісіндегі жатақхананы іске қосу үшін республикалық бюджеттен 44,0 млн. теңге бөлінсе, соның 36,2 млн. теңгесі жатақханаға, 7,8 млн. теңгесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Бұдан кейін өңір басшысы Е.Арын жетім балалармен және аудан жастарымен кездесті. Кездесу барысында жұмысқа орналасу, білім мен баспана алу, демалысты ұйымдастыру сияқты мәселелер көтерілді.

 




Яндекс.Метрика