Өңірлер

Н.Нығматулин Қостанай облысының еңбек ұжымдарымен кездесті

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин жұмыс сапарымен Қостанайға келді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қостанай 12 Қаңтар, 12:56

Палата Спикері ең әуелі еліміздің машина өндірісіне елеулі үлес қосып келе жатқан «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Кәсіпорын қызметкерлері алдында сөз сөйлеген Н. Нығматулин еліміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерін алға тарта келіп, оған қазынасы мол, әлеуметтік-экономикалық қуаты зор, еліміздегі   ең ірі астықты орталық – Қостанай облысының қосып жатқан үлесіне де тоқталды.  

Аймақта ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген, дихандар да, кеншілер де, металлургтер де бар екенін сөз еткен Мәжіліс Спикері өз сөзінде әрбір отбасының, әрбір шаңырақтың дастарханын толтырып, бірлігі мен берекесін жарастыратын қасиетті нанның ордасы да осы Қостанай екенін алға тартты.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында облыста шығатын өнім көлемі 10 миллион теңгені құраса, қазір бұл көрсеткіш 443 миллиард теңгеге жетіп отыр.

Ал, Сарыарқа автопром кәсіпорны 600-ден астам азаматты жұмыспен қамтып, жылына 1500 автокөлік шығаратын деңгейге жеткен.

Экспортқа шығарылатын Қазақстандағы төрт түрлі машинаның үшеуі осы «СарыАрқаАвтоПром» зауытында жасалады. 

Мәжіліс Төрағасы сондай-ақ, елімізде жүзеге асырылып жатқан Президентіміздің «Қазақстан - 2050» даму бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының орындалу барысын да назардан тыс қалдырмады.

Осы орайда Мәжілісте атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, маңызды заң жобалары төңірегінде тұщымды әңгіме қозғады.    

Кәсіпорын қызметкерлері Мәжіліс Спикеріне еліміздің әлеуметтік, -экономикалық, саяси өміріне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

«Біздің кездесулер еліміздің жаңа даму белесі басталған  маңызды кезеңде өтіп жатыр. Сондықтан, сайлаушыларға Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алға қойған негізгі  міндеттер туралы   айтылды.  Әсіресе, тұрғын үй,   денсаулық, еңбек салаларына  және оларды заң жағынан қолдауға   көңіл бөлінді. Осы жолда айтылған  барлық ұсыныстарға, пікірлерге алдағы заң шығару жұмысында ерекше назар аударылады»,-деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

 





Яндекс.Метрика