Басқару

М.Тәжин ҚР Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев М.М. Тәжинді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Астана қаласы12 Қаңтар , 12:23

«Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын», - делінген  Жарлықта.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды.




Яндекс.Метрика