Халықаралық интеграция

Қазақстан Испаниядағы туризм көрмесіне қатысады

2017 жылдың 18-22 қаңтары күндері Мадрид қаласында 36-шы халықаралық FITUR-2017 туристік ндустрия көрмесі өтеді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.
Әлемде12 Қаңтар , 15:18

«FITUR» («Ifema. Feria de Madrid» көрме кешені) халықаралық көрмесі Еуропа аумағындағы ірі әлемдік туристік шаралардың бірі болып табылады. Биыл көрмеге әлемнің 165 елінен 9500-ден астам туристік нарықтың нағыз кәсіби мамандары қатысады.

«FITUR» көрмесіндегі Қазақстанның ұлттық стендін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің ақпараттық қолдауымен "ЭКСПО-2017" АҚ құрады.

 




Яндекс.Метрика