Халықаралық интеграция

Ресейлік қайраткерлер «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық марапатына ие болды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінің Резиденциясында Қазақстан Республикасының егемендігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуына зор үлес қосқан, сондай-ақ белгілі қайраткерлерді марапаттау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР-ның Ресейдегі Елшілігі.
Әлемде 12 Қаңтар, 10:16

Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры, академик В.А.Садовничиге, Ресей тауар өндірушілер одағының президенті Олег Сосковецке, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тайыр Мансұровқа мерейтойлы медальдарды табыс етті.

Медалдарды тапсыра, М.Тәжин Қазақстан дамуының, сондай-ақ Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының нығайту жолында марапатталғандардың жоғары еңбегін атап өтті.

ММУ ректоры Виктор Садовничий Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, оларды көптеген жылдар бойы ынтымақтастық пен тату қарым-қатынастар байланыстыратынын айтты.

Тайыр Мансұров 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңестің депутаты бола тұрып, мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заңының қабылдауына қатысқанына байланысты, бұл мерейтойлы марапат оған өте маңызды екенін ашып айтты.

«Айта кету керек, бірнеше күн бұрын бүкіл халық таңдауымен сайланған мемлекет басшысы Президент бұл заңды әзірледі. Бұл заңмен біздің еліміздің тәуелсіздігі, Қазақстанның нақты егемендігі басталуы. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен 25 жыл ішінде Қазақстан халықаралық аренада экономика, әлеуметтік және саяси салада орасан зор жетістіктерге қол жеткізді», – деп санайды Т.Мансұров.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика